Биыл Алматыдағы мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен және компьютерлік техникамен түгел қамтылады.
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров мәлімдеді.
– Мектептерді тағы 20 жұмыс техника кабинеттерімен және 3D-принтингпен жарақтандыруды, балаларды қамтуды 50 пайыздан 4,5 мың адамға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ