• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2018

Газ саудасы делдалдардан тазартылады

266 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасына түзетулерді мақұлдады. Бұл құжатқа Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған еді. Депутаттар, сондай-ақ сайлау туралы, коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау және ТМД Экономикалық сотының мәртебесіне қатысты құжаттарды тұтастай мақұлдады.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Газ тапшылығын болдырмауды көздейді

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасының дүниеге келуіне сұйытылған мұнай газ нарығындағы ахуал себеп болып отыр. Өйткені еліміздің тауарлық газбен газдандырылмаған өңір­леріндегі тұрғындар мен кәсіп­орындар тұтынатын, сондай-ақ көлік құралдарына пай­дала­нылатын көгілдір отын нары­ғында өндіруші мен тұты­ну­шы мүддесіне сай емес ке­лең­сіз­діктер қалыптасқан.

– Біздің елімізде сұйытылған газдың бекітілген шекті көтерме сауда бағасы бүгінгі күні, қо­сыл­ған құн салығын есепке алма­ғанда, тоннасы 38437 тең­ге­ні құрайды. Ұсынылып отыр­ған заң жобасының мақса­ты – сұйытылған мұнай газын шығару көлемін артты­руға өнді­рушілердің қызығу­шы­лығын тудыру арқылы сұйы­тыл­­ған мұнай-газ тапшылығын бол­ғызбау. Ол үшін цифрландыру және бизнес үшін әкімшілік ке­дергілерді қысқарту бойын­ша жүргізіліп жатқан саясат шең­берінде шығынмен жұмыс істеп отырған зауыттарға сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа беруді енгізгеннен кейін электронды сау­да алаңдары арқылы олардың кірістілігін қамтамасыз ету көзделген, – деді заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Баяндамашы еліміздің әр өңірінде ауық-ауық байқалып тұратын газ тапшылығының се­беп­терін де атап өтті. Мәселен, қазір сұйытылған газдың бөлшек саудадағы бағасы көтерме сау­дадағы бағадан едәуір жоғары болғандықтан, бұл сала дел­дал­дардың майлы шелпегіне айналған. Тіпті бөлшек сау­да­­дағы бағаның өзі көрші ел­дер­дегі көтерме бағадан да тө­мен бол­ған­дықтан, газды заң­сыз экс­порттауға құлшынып отыр­ғандар да аз емес.

Б.Ізмұхамбетов газ өндіретін зауыттар бағаның төмендігіне байланысты ішкі нарықта шы­ғын­ға ұшырап отырғандығын да жеткізді.

– Қазақстандық сұйытылған газды өндірушілердің тек 2017 жылы ғана ала алмаған кірісінің көлемі 38 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Ал енді негізгі кіріс зауыттан тұтынушыға дейін жеткізетін делдалдар тіз­бегінің қалталарына түсіп отыр. Мұндай жағдайда зауыттарға сұйытылған газды ішкі нарыққа беру, әсіресе оны өндіру көлемін арттыру мүлде тиімсіз, – деді депутат.

Оның айтуынша, елімізде өндірілетін газдың 72 пайызы ішкі нарықтың сұранысын жауып отыр. Бұл қалып сақталар бол­са 2019 жылы елімізде газ­дың тапшылығы сезіле бастауы мүмкін.

Сондықтан да сұйытылған газдың шығару көлемін арттыру, өндірушілердің қызы­ғу­шылығын тудыру арқылы сұйы­тылған мұнай-газ тапшылығын болдырмау мақсатын көздейтін заң жобасы өндіруші мен тұтынушының мүддесіне сай келетіндігін атап өтті.

Депутаттардың пайымдау­ынша, газ нарығын тәртіпке келтірудің бірден-бір жолы – зауыттарға сұйытылған мұнай-газды ішкі нарыққа электронды сауда алаңдары арқылы беруді енгізу. Бұл жаңашылдық келесі жылдан бастап 2021 жылға дейін кезең-кезеңмен енгізілмек. Бастапқыда электронды алаң­ға газдың 10-20 пайызы шыға­рылып, кейін толықтай сандық жүйеге көшіріледі. Демек, болашақта қазіргі Энергетика министрлігі бекітіп отырған шектік баға түсінігі жойылады.

Өнеркәсіп кәсіпорындары, автокөліктік газ құю стансалары, газ толтыру бекеттері газды қазіргідей делдалдардың кө­мегіне жүгінбей-ақ электронды сауда алаңдарында сатып ала­тын­дықтан, көгілдір отын баға­сының төмендеуі де жоққа шығарылмайды.

Депутаттар аталған «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Тұтас мақұлданған жобалар

Жалпы отырыста халық қалаулылары «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзе­тулер енгізуге қатысты Конституциялық заң жобасын жұ­мысқа қабылдады. Құжат жаңа институттарды енгізуге, құқық­тық олқылықтар мен қайшы­лықтарды жою арқылы сайлау заңнамасын жетілдіруге бағыт­талған. Конституциялық заңға ұсынылып отырған түзе­тулер барынша ашық әрі демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етпек. Бұл ретте сайлау мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасы да жұмысқа алынды.

Осы күні Мәжілісте бір­қатар заңнамалық актілер екін­ші оқылымда мақұлданды. Оның ішінде, коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысты заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қолданыстағы заңнамаға, заң техникасы қағидаларына сәй­кес келтіруге бағытталған редак­циялық-нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілген.

Айта кетерлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сының құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы заң қолданысқа енгізілген күн­нен бастап 5 жылға дейінгі өтпелі кезең аталған заңмен белгіленді, бұл кезең өткеннен кейін Үкімет ҰКП қатысушыларының құ­рамынан шығады. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары ҰКП-ның Үкіметпен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының жаңа нысанын енгізуге, өңірлік палаталарда аудандық кеңестер, салалық кеңестер қалыптастыру үшін құқықтық негіз құруға, Үкімет өкілдерінің ұлттық кә­сіп­керлер палатасының басқару органдары – съезд және төралқа жұмысына қатысуы туралы норманы алып тастауға қатысты түзетулер ұсынды.

Сондай-ақ осы күні Мәжіліс сақтандыру және сақтандыру қызметіне түзетулерді, сонымен қатар валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады.

Жалпы отырыста 1992 жылғы 6 шілдедегі ТМД Эко­но­микалық сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгі­зу туралы хаттама депутат­тар тарапынан қолдауға ие болып, Қазақстан мен Қытай үкі­меттері арасындағы біздің елге тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қазақстан-Қытай өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімді ратификациялау бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»