• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2018

Есім хан ордасы қазақтың қатпарлы тарихынан сыр шертеді

2512 рет
көрсетілді

Туған жердің адамзат баласына ыстық болатын себебі табиғатпен сонау ықылым заманнан кіндіктес өмір сүруінде жатыр. Ұшы-қиыры жоқ дархан дала ұрпаққа жер қадірін білдіріп, өз тарапынан рух беріп отыратын тәрізді. Сондықтан туған жерін қасық қаны қалғанша найзаның ұшы, қылыштың жүзімен қорғаған қазақ халқы табаны тиген жерлерге перзенттік махаббат сезімімен, оның белгі-бедерін ескеріп ат қойып, жырға, ән әуеніне қосып, аңыз өзегіне айналдырып отырған.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Елдің мыңдаған жылдар қоныстанып, кіндік қаны тамған жерінің ұрпақ үшін киесі бар, киелі жердің әрқашанда иесі бар. Елді мекен атауына тарихи негіздеме іздегенде алдымен оның ие­сін анықтап, артынан оның сол жерге қатынасынан немесе жердің адам өмі­рін айқындаудағы алатын орнынан туын­даған атаудың мағыналық, тарихи негізіне үңілуіміз керек.

Қазақстанның оңтүстігіндегі орта­ғасырлық қалалардың, хан ордаларының пайда болуы, қалыптасу тарихы мен да­муы өте күрделі мәселе. Әсіресе жекелеген қалалар мен қамалдардың даму тарихындағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау және олардың дамуындағы басқа да қалаларға ортақ белгілерін ажырату қиын. Қазақ елінің ортағасырлық археологиясында қалыптасу тарихы тыңғылықты зерттелген қалалар мен елді мекендер өте аз. Олардың қатарында Испиджаб, Нуджкенд, Шарапкент, Тұрбат қалалары бар. Міне, сондай зерттеуден тыс қалып келе жатқан қала- қорғанның бірі Төрткүлтөбе – Есімхан ордасы. Есім хан ордасының бұзылып жатқан бөліктерінде кең көлемде тазарту жүргізіп, бұл ескерткіштің даму тарихына қатысты мол деректер алуға болатынын ескерсек, бұл жобаның аса өзекті екенін айқын көруге болады. Сонымен қатар ескерткіш маңайындағы көптеген тарихи орындардың (Мыңшейіт, Хантөбе, Ботбай мазар, Шүңкілдек әулие, Нұрата, Қақпатас, т.б.) сақталғанын да айқындап зерттеуге мүмкіндік туар еді.

Төрткүлтөбе – Есім хан ордасы Оң­­­түс­тік Қазақстан облысы Төле би­ ауданы­ның Кеңесарық ауылының ірге­сінде, Шымкент қаласынан шығысқа қа­рай 55 шақырым жерде, Сайрамсу, Қасқасу, Қарасора өзендерінің тоғысқан тұсында. Мұндай табиғаты тамаша, «Үш өзеннің құйғаны» аталатын сұлу жер білуімізше Венгрияда ғана бар екен. Ақсу, Сайрамсу өзенінің жағасын жағалап жүрген ортағасырлық керуен жолының бойында орналасқан бұл ескерткіш бүгінгі күнде үлкен төбе, қираған қамал болып жатыр. Төрткүлтөбенің аумағы Отырартөбеден әлдеқайда үлкен. Бұл биіктен қарасаңыз, Шымкент қаласының шет аймағына дейін алақандағыдай көрінеді. Бұл жерді жергілікті халық «Төрткүлтөбе», «Есімхан ордасы», «Дәуіттөбе» қамал-қалашық орны деп бүгінге дейін айтып келеді. Тарихи орын осы аймақты мекендеген халыққа ертеден-ақ белгілі. Халық арасында оған қатысты аңыз-әңгімелер сақталған. Осы ауылдың көкірегі хат, құймақұлақ қариялары По­шатай Бишымырұлы, Бейсенбай Бай­әліұлы бұл жерлерге қатысты бірнеше нұс­қада аңыздарды шертетін, бірақ қатаң сая­саттың кесірінен оған назар аударып, жад­қа жаттайтын адам болмапты.

Төрткүлтөбе осы уақытқа дейін то­лық­қанды зерттеліп, археологиялық қаз­ба жұмыстары жүргізілген емес. 2007 жылы бұл ескерткішті тарих ғы­лымдарының кандидаты, археолог Дөкей Талеев және өзбекстандық атақты археолог, тарих ғылымдарының докторы Рустам Сулайманов аралап кө­ріп, оның Батыс Түрік қағанатымен сабақ­тас ескерткіш болуы мүмкін екен­дігін айтқан. Бұл тарихи мекеннен жергілікті адамдар көптеген көне зат­тар: құмыра, ыдыс сынықтарын, садақ жебелерін, адамның ірі сүйек қаң­қаларын, күйдіріл­ген кірпіштен жасалған су жүйелерін, т.б. бұрыннан тауып ке­ле­ді. Бұл жерден табылған бірнеше құн­дылықтар Леңгір қаласындағы музейге (директоры Зәуір­бе­­ков Құрасбек) қойыл­ған.

Осы қасиетті жердің ие, қорғаушысы ма екен, Кеңес Одағы кезінде ауылдың төрт-бес қариясы ұзындығы 2 метр шама­­­сын­дағы, жуан, қозыбасты айдаһарды (жылан) көргендерін әрқайсысы айтып отыратын. Оның ешқашан мал-жанға тимегенін әңгімелейтін.

Бұл жердің ежелгі аты Қара Шора болған болу керек. Оған бірден-бір дәйек бүгінгі заманға дейін сол жер атауының сақталуы. Тек жергілікті халық тіл оралымына сай Қарасора атап кеткен. Ал бұл жерде қаптаған сора өсімдігі ешқашан болмаған. Қалың қарағаш, ну орманды жер болған.

Ал Қарашораның Түркі қағанатының қолбасшысы болғанын қытай жазбаларынан білеміз, оның сонау Византияға дейін жорық жалауын көтергені тағы да аян. Оның жазғы ордасының бірі осында болуы мүмкін ғой. Оны атақты ғалым Л.Гумилевтің «Көне түріктер» кітабындағы мына мәліметтер де не­гіздей түседі: «Естеми мен Қарашора түр­кінің әскербасы ғана емес, сонымен бір­ге асқан әкімшілік иесі болғанын мойындауға тура келеді. Олар өздері жаулап алған елдерді жерұйыққа айналдырды» – деген. Ол 576 жылы Естемидің орнына отырып Түрік-тардуш хан атағын алған. Әрине ол дәуірді терең зерттеуге ден қоюымыз керек.

Төрткүлтөбе қасиетті Сайрам әулие­лер мекеніне тиіп тұр. Шежірелі қарт Ереген Ағыбайұлының (марқұм) һәм ескі қария сөздердің айтуынша, топан судан кейін алғаш кеуіп, құрғаған жер – қарт Қазығұрт тауы маңындағы кәрі Сайрамның орны екен. Өйткені, күн­шығыс тараптағы өзге жерлерден ол орын­ның 40 метр биіктігі бар көрінеді.

Аңызда былай делінеді. Нұх пайғам­бар «Қай жерден нұр жарығы шықса, сол араға қала саламын», – депті. Сонда Кәрі Сайрамның орнынан нұр көрініпті.

Бағзы заманалардан нұр төгілген жер­ді іздеген Ұлы Дала перзенттері неге көш­пелі өмірді аңсаған деген сұраққа осыдан-ақ жауап табуына болады. Бұл Нұр мекен – Қасиетті Қазығұрт пен Испид­жаб өңірі. Қазақ хандарының орда тіккен жерлері де осы маңда. Сайрамсу бойында Есім хан ордасы қонса, Арыс­тың бойындағы Ханқорғанда Абылай Алланың қалауымен қоныс тепті.

Бұл жерге XVII ғасырда Еңсегей бойлы ер Есім хан ордасын тіккен. Төрт­күлтөбе қамалының жанында (қа­зіргі «Көктөбе» демалыс орнының аумағында) Есім хан жерленген деген, қой­тастармен қоршалған мазарат орны бар. Бұл туралы аңыз былай дейді: «Есім хан өлерінің алдында бал аштырған екен, сонда оған сен өлген соң басыңды өр­теп, аттың жауырына күлін себеді, со­дан сенің мына өтпелі дүниедегі іс­теген күнәң жуылады деген». Сіз се­нерсіз, сенбессіз, балгердің айтқаны ай­дай келіп, жаныс руының Қуандық ата­сының Байжігіт баласы Ерсары үш ғасыр өткенде (1960 жылдары) көріп­келдің айтуымен сол қорымнан басты қазып алып, оны өртеп жауыр болған атына күлін себеді. Содан тұлпары құ­лан-таза айығады. Оны көзбен көріп тіл­дескен, басты қазғанда жанында болған адам­дардың әңгімелерін жоққа шығара алмаймыз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ой­толғауында көтерілген «Қазақтың киелі жерлерінің география­сы» бағдар­лама­сына бұл қасиетті, тарихи жерді енгізіп, зерттеу нысанына ай­налдыру қажет.

... «Соңғы кезге дейін Есім хан Түр­кістанда жерленген деп жазып келдік. Әліақбар хан ұрпақтары қолындағы «Шыңғыс хан рисаласы» бойынша «Ишим хан Ташкандта Шайх-ан-Тахур бабада», яғни Есім хан қабірі атақты Шайхантаурда жатқан болып шықты. Есім хан Түркістанда жерленді деп санауға ХХ ғасырдың басында жарияланған хабарлар негіз болған еді. Соның ішінде М.Е.Массонның жазбасы болатын», дейді өз мақаласында тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожа.

Біздің тұжырымымыз бойынша Түр­кіс­тандағы сағана Еңсегей бойлы ер Есімге емес, Сәмеке ханның баласы Есім сұл­тан­ға арналып салынған болу керек.

Сонда Төрткүлтөбе – Есім хан орда­сын­дағы мазарат кімге тиесілі деген сұрақ туындауы мүмкін. 1979 жылы Шымкент педагогика институтының оқытушысы А.Н.Подушкин бастаған археологиялық отряд мұнда қалашықтың орнын анықтау шараларын атқарған. Бірақ қазба жұмыстарын жүргізбеген. 2006 жылы Бауыржан Байтанаев бастаған топ та елеулі нәтижелерге қол жет­­­кі­зе алмаған.

Ал Есім ханның жазғы ордасы осы Сайрамсудың бойында болғандығына күмән келтірудің қажеті жоқ.

Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы сұрапыл шайқастың Сайрамсу айма­ғында өткені тарихшылар тарапынан ескерусіз қалуда.

Бұл шайқас туралы қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Мағауин Мәшһүр Жүсіпке сілтеме жасай отырып былай дейді: «...Бірі қорқаулықтан, бірі кектен көздерін қан басқан екі әмірші Сайрам қамалының түбінде беттеседі. Бір жақта екі арыс қатаған және оған ерген қаншама қауым, екінші жақта үш арыс алаш және оған қосылған қан­шама жұрт. Бәрі де қазақ. Жан түр­­шігерлік мейірімсіз ұрыс, сол заман тарихшысының сөзімен айтқанда, өрт­тей қаулайды. Есім ханның тепкісіне шы­дай алмаған Тұрсын хан жеңіліске ұшы­рап Ташкентке шегінеді.

Есім хан Тұрсын ханның басын алып, найзаға шаншып, өзінің бітіспес жауы Бұхар ханы Имамқұлыға сәлемдеме жібереді.

Есім хан мұнымен де тоқтамай, бү­лік­­­­шіге тірек болған, мейманасы тасып, қазаққа қарсы қылыш көтерген қата­ған руын өлім жазасына кеседі. Құ­діретті қатаған қауымының арбаның күп­шегінен бойы асқан еркек кіндіктісі түгел найзаға ілінеді, әйел заты түгел үлес олжаға беріледі.

Қатаған қырғыны – Есімханның же­­ңісі емес, бүкіл Қазақ Ордасының же­ңілісі болды».

Міне, осы қанды жосын шайқас кезінде Есім ханның ставкасы біз айтып отырған Сайрамсу бойындағы Төрт­­күлтөбеде болған. Ал Тұрсын Мұхам­медтің шатыры қазіргі Төле би ауданы, Алатау ауылдық округіндегі Шатыртөбе деген жерде орналасқан екен. Мұхтар ағамыз бұл жердің жағдайын жақсы білмесе де Сайрам өңірі деп нақтылап отыр. Шайқастың болған жерлерін атақты ақын Қазанғап Байболұлы өзінің «Еңсегей бойлы ер Есім» дастанында тамаша суреттейді. Біздің тарихшылар, әдебиетшілер бұл шайқастың қайда өткендігіне мән бермей келеді.

Жыр-әпсаналардағы тұнып тұрған жер атаулары екі ханның арасындағы шайқас эпизодтарын барынша ашуға мүмкіндік береді. Осы өңірдегі Даңғыра­шал­ды, Саңлақ, Набыт, Мыңбайыр, т.б. жер атаулары осы Есім хан мен Тұр­сын хан арасындағы соғыстан қал­ған белгілер. Сонымен қатар мұнда, Ха­физ Таныштың мәліметі бойынша, Сайрамда, Арыс, Сайрамсу, Ақсу өзен­дерінен тартылған каналдардың аты атал­ған екен.

Осынау Төрткүлтөбенің ғасырлардан ғасырларға ұласқан хандар ордасына айналу ерекшеліктеріне тоқталайық.

Бірінші, бұл өлкенің табиғаты тамаша, бір жағын асқақ Алатау қоршап жатса, айналасында өзендер мен сансыз бұлақтар сыңғыр қағады.

Екінші, Есім хан ордасынан айнала тарап 50-60 шақырымға дейін айқын көрі­неді.

Үшіншіден, сулы жер нулы жер. Мұн­­да бағзыдан отырықшы, егіншілік жақ­­сы дамыған. Оны жазба деректер де ай­­қын­дай түседі.

Төртіншіден, Жібек жолы бойына жақын орналасқандықтан сауда қарым- қа­тынасында маңызды мәнге ие болған.

Бесіншіден, бұл жерде Есім ханнан бұрын да, кейін де қазақ хандары жаз­да орда тігіп отырған болу керек. Оған хандардың ұрпақтары төрелердің Шу­төбе деген жерде тығыз отырғандығы да (Кеңес Одағы тұсында) дәлел бола алады. Ел басқарған Елтай Ерназаров та осында туып өскен.

Мұнда сансыз тарихи уақиғалар өт­кен. Ал Есім хан мен Тұрсын хан ара­сын­­да­ғы шайқастың алар орны ерекше маңызды. Сондықтан бұл төбеде оқиға­ның мән-мазмұнын ашатын ескерткіш – ансамбль орнату керек деп ойлаймыз.

Бұл қасиетті жердің ерекшеліктерін тізе берсек, толып жатыр. Мұндағы маза­ратқа кім жерленген деген сұрақтың жауабына қазақ тарихшылары сүбелі үлес қо­сар деп санаймыз. Қазақ тарихын жаң­ғыртудан шет қалмайық, ағайын.

Мұхитхан ҮМБЕТҰЛЫ,

«Қазақтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,

Қанатбек ПОШАТАЙҰЛЫ,

өлкетанушы

ШЫМКЕНТ