• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Білім 03 Мамыр, 2018

«Coworking» – оқырмандар үшін оңтайлы жүйе

8845 рет
көрсетілді

Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен ау­дарғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді біл­­діреді екен. Кітапханалардағы коворкинг орта­лық­та­ры­ның ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Өңір­де жүргізіліп жатқан «Өрлеу» жобасы шеңберінде ауыл кі­тап­ха­налары енді жаңа үлгіде жұмыс жасай бастады.

      M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету меке­ме­сі ғана емес, қала, ауыл тұр­ғын­дары үшін зияткерлік дем­алыс орнына айналады. Ковор­ки­нг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге не­гіздеу мақсатында қолға алы­нуда. Облыстық мәдениет, ар­хив­тер және құжаттама бас­қар­­масының басшысы Ардақ Райымбековтің айтуынша, кі­тап­ханалар, оның ішінде ауыл­­дардағы кітапханалар жүйе­­сін жаңғырту, зама­на­уи құрылғылармен жаб­дық­тап, цифрлы жобалар ен­гізу – бү­гінгі күн талабы.

Елба­сымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­малық мақаласы аясында өңір­дегі 13 ауданда және әр ауда­нның бір ауылында ковор­кинг орталықтары ашылады. Барлық кітапханалар компью­терлермен жабдықталып, ға­лам­тор желісіне қосылады. Кітап­ханалар жұмысын жа­ңар­тып, іске қосу үшін облыс­тық бюджеттен қаржы жұм­са­лады. Қазір облыста 1 милллион кітап қоры бар 279 кі­тап­хана жұмыс істейді. Бұл күндері Павлодардағы С. Торайғыров атындағы облыс­тық кітапханаға күр­де­лі жөндеу жұмыс­тары жүр­гі­зілуде. Об­лыс­тық «Рухани жаң­ғыру» жо­ба­лық офисі осы жер­де орна­лас­қан.

Ал облыста ауылдағы ал­ғаш­­қы коворкинг нысаны Лебя­жі ауданының орталығы Аққу­лыда, Қарақала ауылында ашыл­ды. Осыған орай облыстық мә­дениет, архивтер және құ­жат­­тама басқармасының бас­шы­сы Ардақ Райымбеков арнайы барып ауылдықтарды құт­тықтап, облыс әкімі Болат Бақауовтың атынан 3D фор­маттағы көзілдіріктер табыс етті. Балалар орталығы үш алаң­ға бөлінген: ойын, бі­лім жә­не ғаламтор. Ойын алаңы қа­жетті құралдармен жаб­дық­тал­ған. Білім бөлімінде керекті ақпараттарды таба алады, ға­ламтор бөлімінде әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтеді. Теледидардан қы­зықты бағдарламалар мен сүйікті мультфильмдерді көре ала­ды. Келесі алаң – еуропалық кі­тап оқу тәжірибесінен алын­ған кітап оқу алаңы. Балалар жұм­сақ көрпелерге отырып, дем­алады.

Аудандық орталықтан­ды­рыл­­­­ған кітапханалар жүйе­сі­нің дир­екторы Дарико Табұ­ло­ваның айтуынша, осындай шығар­ма­шы­лық үйлесім мен дизайнды кітапханашылар бір­­лесіп өзде­рі жасапты. Екі ор­талықтың ашы­луына аудан­дық бюджеттен 500 мың теңге бө­лінген. Ау­дандық кітап­ха­на жүйесі құ­рамында 22-сі ауыл­дық, аудандық балалар және көп­шілік кітапханасы қызмет көр­сетуде. Балаларға арналған аудан­дық кітапхананың 200-ден астам тұрақты оқырманы бар.

С. Торайғыров атындағы облыс­тық кітапхананың директоры Шолпан Шахметованың айтуынша, облыстың ең көне кітапханасының тарихы 1892 жылдан басталады. Мысалы, Египеттегі Александрия кітап­ха­насы – философтар мен ма­те­матиктерге сол заманда ковор­ки­нг орталығы болған екен. 2005 жылы коворкингті бү­кіл әлем­­ге танымал еткен аме­ри­­калық программист Бред Нью­берг.

– Коворкинг-кітапхана ашу­ды біз 2013 жылдан бас­тап ойластырып келдік. Өрке­ни­ет көшіне ілесу – мақ­сат. Қазір ойымыз жүзеге асты. Бар­лық кітаптар цифр­лы фор­­матқа көшірілуде. Ав­то­­мат­­тандырылған жүйе іс­­ке қо­сылды. Веб-РАБИС іс­ке қо­сылса, электронды ка­та­ло­г­­­тарды интернетке шы­ға­рып, кітапхана сайты­на ор­на­ластыруға болады. Элек­трон­­ды каталог өте тиімді. Оқыр­­ман осы жүйе арқылы ке­­рек кітабын таба алады. Қор­да­ғы барлық кітаптарға ра­дио­бел­гі орнатылған. Радиобелгі арқылы кітаптың оқырманға беріліп, қайта келген жолына дейін бақыланады, – дейді Шолпан Шахметова.

Ал негізгі қалалық кітап­ханалық үдерістер автомат­тан­ды­рылған, электронды дерек­тер қоры құрылуда, сандық өлке­тану баспаларының негізі­н­де электронды кітапхана құ­ры­лады. Барлық кітапхана бө­лім­дері жергілікті желіге қо­­сыл­ған, пайдаланушыларға ар­налған автоматтандырылған жұ­мыс орындары бар. Wi-Fi аймағы ұйымдастырылып, ве­би­нарлар өткізіліп тұрады. Екі ATIZ BookDriveDIY кітап ска­нерімен жарақталған сан­дық орталық қызмет етеді. Ра­диожиілікті сәйкестендіру сияқты жаңа технологияны белсенді енгізуде.

– Ал Лебяжі ауданындағы екі ауылда ашылған коворкинг орта­лықтары «Өрлеу» жобасы негізінде іске асырылуда. Сондай-ақ «Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалының қол­дауымен «Қазақстан кітап­ха­налары» жобасы да басталды. Рухани шараларды жүзеге асыру үшін «Нұр Отан» партия­сы және «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасымен мемо­ран­думға қол қойдық. Осыған орай кітапханалар цифрландыру жүйесіне көшеді, – дейді Ардақ Райымбеков.

Иә, бұл күндері заман өзге­рі­сіне сай, облыстық кітап­ха­на­да ғана емес, ауылдық кітап­ханалар жанынан да коворкинг орталықтары ашылуда. Дарико Табұлованың айтуынша, аудан­да­ғы кітапханалардың кітап қоры да жыл сайын 3 мыңдай кітап­пен толығып отырады. Енді оқырмандардың коворки­нг орталықтарында кітап оқып, же­ке шығармашылық жұмыс­та­рын жазып, ғылыми жобалард­ы бір­лесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

Интернет желісіне аудан­дық балалар кітапханасы, Жам­был, Қарақала ауылдық кі­­тап­ханалары қосылған. Қы­зыл­­қоғам ауылының кі­тап­­ха­нашысы Гүлстан Батта­лова элек­тронды-цифр­лы жүйеде жұ­мыс жасайды. Өз үйінен ха­лықаралық «Инфо­урок» сайтына тіркеліп, жұмыс­та­ры­мен бөліскені үшін 9 сер­ти­фикаттың иегері атаныпты. Сондай-ақ басқа да ауыл кітапханашылары Айман Төлеуова, Лаура Саджанова, Гүлбану Мұрсалімова, Гүлнар Әбдрахмановалар «Рабис» бағдарламасы арқылы жұмыс істейді.

Ауыл кітапханашылары кі­тапханадағы коворкинг ор­талығы коммуникативтік алаң, сон­дықтан бәріңізді осы алаңға к­елуге шақырмыз, –  дейді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы

Суретті түсірген Жанар БЕЙСЕКЕЕВА