Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді екен. Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Өңірде жүргізіліп жатқан «Өрлеу» жобасы шеңберінде ауыл кітапханалары енді жаңа үлгіде жұмыс жасай бастады.
M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЯғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады. Коворкинг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтің айтуынша, кітапханалар, оның ішінде ауылдардағы кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу – бүгінгі күн талабы.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірдегі 13 ауданда және әр ауданның бір ауылында коворкинг орталықтары ашылады. Барлық кітапханалар компьютерлермен жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылады. Кітапханалар жұмысын жаңартып, іске қосу үшін облыстық бюджеттен қаржы жұмсалады. Қазір облыста 1 милллион кітап қоры бар 279 кітапхана жұмыс істейді. Бұл күндері Павлодардағы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі осы жерде орналасқан.
Ал облыста ауылдағы алғашқы коворкинг нысаны Лебяжі ауданының орталығы Аққулыда, Қарақала ауылында ашылды. Осыған орай облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков арнайы барып ауылдықтарды құттықтап, облыс әкімі Болат Бақауовтың атынан 3D форматтағы көзілдіріктер табыс етті. Балалар орталығы үш алаңға бөлінген: ойын, білім және ғаламтор. Ойын алаңы қажетті құралдармен жабдықталған. Білім бөлімінде керекті ақпараттарды таба алады, ғаламтор бөлімінде әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтеді. Теледидардан қызықты бағдарламалар мен сүйікті мультфильмдерді көре алады. Келесі алаң – еуропалық кітап оқу тәжірибесінен алынған кітап оқу алаңы. Балалар жұмсақ көрпелерге отырып, демалады.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Дарико Табұлованың айтуынша, осындай шығармашылық үйлесім мен дизайнды кітапханашылар бірлесіп өздері жасапты. Екі орталықтың ашылуына аудандық бюджеттен 500 мың теңге бөлінген. Аудандық кітапхана жүйесі құрамында 22-сі ауылдық, аудандық балалар және көпшілік кітапханасы қызмет көрсетуде. Балаларға арналған аудандық кітапхананың 200-ден астам тұрақты оқырманы бар.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың директоры Шолпан Шахметованың айтуынша, облыстың ең көне кітапханасының тарихы 1892 жылдан басталады. Мысалы, Египеттегі Александрия кітапханасы – философтар мен математиктерге сол заманда коворкинг орталығы болған екен. 2005 жылы коворкингті бүкіл әлемге танымал еткен америкалық программист Бред Ньюберг.
– Коворкинг-кітапхана ашуды біз 2013 жылдан бастап ойластырып келдік. Өркениет көшіне ілесу – мақсат. Қазір ойымыз жүзеге асты. Барлық кітаптар цифрлы форматқа көшірілуде. Автоматтандырылған жүйе іске қосылды. Веб-РАБИС іске қосылса, электронды каталогтарды интернетке шығарып, кітапхана сайтына орналастыруға болады. Электронды каталог өте тиімді. Оқырман осы жүйе арқылы керек кітабын таба алады. Қордағы барлық кітаптарға радиобелгі орнатылған. Радиобелгі арқылы кітаптың оқырманға беріліп, қайта келген жолына дейін бақыланады, – дейді Шолпан Шахметова.
Ал негізгі қалалық кітапханалық үдерістер автоматтандырылған, электронды деректер қоры құрылуда, сандық өлкетану баспаларының негізінде электронды кітапхана құрылады. Барлық кітапхана бөлімдері жергілікті желіге қосылған, пайдаланушыларға арналған автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Wi-Fi аймағы ұйымдастырылып, вебинарлар өткізіліп тұрады. Екі ATIZ BookDriveDIY кітап сканерімен жарақталған сандық орталық қызмет етеді. Радиожиілікті сәйкестендіру сияқты жаңа технологияны белсенді енгізуде.
– Ал Лебяжі ауданындағы екі ауылда ашылған коворкинг орталықтары «Өрлеу» жобасы негізінде іске асырылуда. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен «Қазақстан кітапханалары» жобасы да басталды. Рухани шараларды жүзеге асыру үшін «Нұр Отан» партиясы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен меморандумға қол қойдық. Осыған орай кітапханалар цифрландыру жүйесіне көшеді, – дейді Ардақ Райымбеков.
Иә, бұл күндері заман өзгерісіне сай, облыстық кітапханада ғана емес, ауылдық кітапханалар жанынан да коворкинг орталықтары ашылуда. Дарико Табұлованың айтуынша, аудандағы кітапханалардың кітап қоры да жыл сайын 3 мыңдай кітаппен толығып отырады. Енді оқырмандардың коворкинг орталықтарында кітап оқып, жеке шығармашылық жұмыстарын жазып, ғылыми жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Интернет желісіне аудандық балалар кітапханасы, Жамбыл, Қарақала ауылдық кітапханалары қосылған. Қызылқоғам ауылының кітапханашысы Гүлстан Батталова электронды-цифрлы жүйеде жұмыс жасайды. Өз үйінен халықаралық «Инфоурок» сайтына тіркеліп, жұмыстарымен бөліскені үшін 9 сертификаттың иегері атаныпты. Сондай-ақ басқа да ауыл кітапханашылары Айман Төлеуова, Лаура Саджанова, Гүлбану Мұрсалімова, Гүлнар Әбдрахмановалар «Рабис» бағдарламасы арқылы жұмыс істейді.
Ауыл кітапханашылары кітапханадағы коворкинг орталығы коммуникативтік алаң, сондықтан бәріңізді осы алаңға келуге шақырмыз, – дейді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы
Суретті түсірген Жанар БЕЙСЕКЕЕВА