• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2018

Былтыр Алматы 5,7 млрд теңгенің импорттық тауарын қолданды

274 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры БағдатТелебай мәлімдеді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Директордың ақпаратынша, қолдау көрсетуде негізгі мәселенің бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау: әкімдік қаулысымен Жергілікті қамту үлесін бақылау комиссиясы құрылды. 2017 жылдың қортындысы бойынша 5,7 млрд. теңге көлеміндегі импорттық тауар қолданған 12 ереже бұзушылық анықталды. Бүгінде Палата сайтында мемлекеттік сатып алулар мен «Самұрық Қазына Контракт» АҚ сатып алуларының жылдық жоспары салынған.

Қалада 3970 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібімен айналысады. Кәсіпкерлер палатасы оның ішінде 7 сала бойынша 232 кәсіпорынға төлқұжаттау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша түйткілді мәселелер мен ұсыныстар дайындау сарапталады. Мониторингте анықталған өзекті мәселелер: 98 компанияға айналдыратын қаражат жетпейді (42%), 58 компанияда өнімді өткізу нарығы жоқ (25%), 22 компанияда шикізат аз (9,5%) және 3 компанияда білікті маман тапшы (1,3%). Төлқұжатталған кәсіпорындардың орташа ауыртпалығы – 54%.

 Кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг импортты алмастыруға жататын тауарларды белгілеуге мүмкіндік берді. Оған 300-ден астам тауар түрі енді. Алматыда тауар импорты 7,3 млрд АҚШ долларын құрайды. Оған автокөлік майы, дәрілік заттар, телефон аппараттары, компьютерлік техника, түрлі сорғыштар, жиһаздық фурнитура жатады. Бұл бағытта Палатаның әрекеті – өткізу нарығын іздеуге көмек көрсету, кәсіпкерлерге сыртқы және ішкі нарықта қолдау көрсету.

Паспорттау қорытындысы бойынша 58 кәсіпорынға өнім өткізуде көмектесу, оның ішінде 29 компанияға экспортқа шығуға жәрдемдесу жоспарланған. Бұл жоспар бойынша өнім 21 пайызға артады, - деп сөзін қорытындылады Бағдат Ғазизұлы.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ