• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2018

Өскеменде электробус жүйткіді

288 рет
көрсетілді

Бұл электробус қазіргі уақытта облыс орта­лы­ғын­да 30 күндік тестілеуден өтуде. Яғни қысы қытымыр, жазы жайдары әрі жауынды келетін Өскеменнің ауа райына төзімділігі тексеріліп жатыр. Егер таңсық көлік сынақтан сүрінбей өтсе, тоқпен жү­ретін автобус ша­һар­да қоғамдық көлік ретінде пайдаланылуы әбден мүмкін.

 

Отандық ғалым­да­ры­­мыздың қытай маман­да­рымен бірлесе жасаған «Quazar» деп аталатын жоғары технологиялы электробустары, біріншіден, Өске­мен секілді ауасы лас­танған қала үшін эко­ло­гия­лық тұрғыдан тиімді болса, екіншіден, дизельмен жүретін қарапайым автобустармен са­лыс­тырғанда бірнеше есе үнемді дейді мамандар. Фирма өкілдерінің айтуынша, қазір күн­де­лікті қолданыстағы ав­то­бустар күніне 250 ша­қы­рымға 125 литр отын жақса, электробустар бір ауысым­да 189 кВт энергия жұмсайды. 

Айтпақшы, Өскеменге «жерсіндіріліп» жатқан электробус 1 мамыр күні облыс әкімі Даниал Ахметовке таныс­тырылды. «Бұл көлік­терді әлі сатып алған жоқпыз. Өңір жолдарында өзін қалай көрсетеді, мүмкіндігі қандай, осыны нақтылау үшін №44 бағыттағы автобустың бағда­ры­на жібердік», дейді аймақ басшысы. 

Облыс әкімінің бас­па­сөз қыз­метінің таратқан мә­лі­мет­теріне сүйенсек, бү­гінде өңірде қоғамдық кө­лік­­терді жа­ңарту жұ­мыс­та­ры қар­қын­ды жүр­гізілуде. Мә­се­лен, жа­қында Семейде 15 жа­ңа автобус жолаушыларды тасымалдауға кірісіпті. 

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН