Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC) басқарма төрағасы, директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Гу Шу мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ICBC-мен ынтымақтастық туралы мәселелер, отандық, қытайлық және басқа да шетелдік клиенттерге жоғары сапалы банктік қызмет көрсету, шетел инвестицияларын тарту және Қазақстан экономикасын несиелендіру мәселелері талқыланды.