Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайд Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады. Қазақстан Президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.