• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2018

Семейде Ауған соғысы ардагерлерін еске алу митингі өтті

776 рет
көрсетілді

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдың мерекесіне орай интернационалист жауынгерлерді еске алып, тағзым етуге арналған митинг-жиын өтті.

Жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов қатысып, өткен тарихымызды ұмытпау, қадірлеп, есте ұстау жайлы айтып, сөз сөйледі. Жиынға қатысушылар орталық көшеде орналасқан «Аза тұту» монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұл монументте 46 семейлік интернационалист жауынгердің есімі жазылған. Олар сол ауған соғысынан қайтпаған сардарлар мен сарбаздар, бірақ оларды туған жері ешқашан ұмытпайды, деді қала басшысы.

Митингке Кеңестің Армия ардагерлері, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылық, Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейі мен қала тұрғындары қатысты. 

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Семей