Романо ПРОДИ, саясаткер, Италияның экс-премьер-министрі, Еурокомиссияның бұрынғы президенті
Ол Италияның өнеркәсіп, сауда және өндіріс министрі, Өнеркәсіптік реконструкциялау институтының президенті, Италия Демократиялық партиясының президенті, Италияның Министрлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Романо Проди премьер болған тұста Италия үкіметі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен өсімін тұрақтандыруға негіз болған маңызды реформаларды жүзеге асырды.
Михаил ДЖАНЕЛИДЗЕ, Грузия премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі
М.Джанелидзе танымал бизнесмен, Грузияның экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі қызметтерін атқарған. Еуропамен еркін сауда жасасу жөніндегі келісімге қол жеткізу үшін Грузия тарапының негізгі келіссөз жүргізушісі болған.
Тигран САРГСЯН, Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы
Белгілі саясаткер, экономист ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты. Армения Жоғары кеңесінің депутаты, Армения Жоғары кеңесінің қаржы, несие және бюджеттік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Армения Банктер ассоциациясының президенті, Армения Орталық банкінің төрағасы, Арменияның премьер-министрі, Арменияның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. 2016 жылдың 1 ақпанынан Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.
Идрис ДЖАЛА, Малайзия үкіметінің бұрынғы министрі, PENANDU бас директоры
И.Джала Малайзия ғылым университетін, Ұлыбритания Уорк университетін бітірген. Shell Retail International компаниясында вице-президент, Малайзия үкіметінің министрі қызметін атқарған. 2009 жылы құрылған Малайзия Премьер-министрінің кеңсесі жанындағы арнайы мемлекеттік құрылым – Мемлекеттік аппаратты басқару және жүзеге асыру департаментінің бас директоры.
Карло КАСТЕЛЛИ, AECOM қалалар дизайны мен стратегиялық жоспарлау директоры
Танымал сәулетші әрі жобалаушы. Ол басшылық қызмет атқаратын AECOM – америкалық инжинирг компаниясы әлемнің 160-тан астам қаласында дизайн, құрылыс және инфрақұрылымды басқару саласында жұмыс істейді. Компанияда 87 мыңнан астам адам еңбек етеді. AECOM компаниясы Fortune журналының тізіміндегі үздік салалық 500 компанияның арасында 161-орында тұр. 2015 жылы аталған компания дүние жүзіндегі ең беделді салалық компаниялардың санатында бірінші орынды иеленген.