Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Астана қаласының 20 жылдық» мерейтойына арналған мектеп пен колледж оқушылары арасындағы Қазақстан Республикасының ІХ-жазғы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Садық Мұстафаев сөз сөйлеп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Қызылорда облысы мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова, Қызылорда облысы Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Бауыржан Әбенғалиев және еліміздегі облыстардың Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталықтарының директорлары қатысты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.