• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 11 Мамыр, 2018

Қазақстанда 15 мамырда Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтеді

935 рет
көрсетілді

Қазақстанда 15 мамырда Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы, 1 маусымда Балалар және жастар оркестрінің шеруі өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 25 сәуірде Астана қаласында өткен халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қыметінің баспасөз маслихатында хабарлады.

Министр Ерлан Сағадиев есеп беру кездесуінде залда 800 жуық адам болды, ата-алар және педагогикалық қауым, үкіметтік емес ұйымдар, білім саласы қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері мен педагогикалық еңбек ардагерлері білім беру саласының өзекті мәселелерін көтерді. Бейне конференциялық байланыс 5 аймақпен қамтамасыз етілді. Кездесу Bnews ақпараттық порталы, ҚР БҒМ «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы және «Хабар-24» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Халықтан келіп түсетін қосымша сауалдар үшін зал алдында холлда барлық сұрақтар тіркеліп отырған «Министрге сұрақ қой – Задай вопрос министру» ақпараттық үстелінің жұмысы ұйымдастырылды.

Есеп беру кездесуінің қорытындысын хабарлаған соң, БҒМ басшысы осы жылдың мамыр-маусым айларында өтетін бірқатар іс-шараларды жариялады. ҚР БҒМ бастамасымен бірінші рет 2017 жылы өткізілген Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы осы жылы да жарияланды. «Соңғы уақытта мектеп педагогтары ата-аналардың мектеп өміріне әлсіз қатысуын айтады. Ата-аналар жиналысына ата-аналардың 10-20 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы кең жарияланып, министрлік жұмыс берушілерге ата-аналарды жұмыстан ертерек жіберу өтінішін білдіргенде мектеп жиналысына ата-аналардың 80 пайызы келді» - деді Ерлан Сағадиев. Министр ата-аналарды осы жылы да белсенділік танытуға шақырды. Осы жылы жиналыс 15 мамыр Халықаралық Отбасы күні өтеді. Ерлан Сағадиев 1 маусымда өтетін шеру туралы да еске салып кетті. ҚР БҒМ бастамасы бойынша және жергілікті атқарушы органдардың қолдауы арқылы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні республикалық балалар және жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді. Алдыңғы жылға қарағанда, осы жылы Шеруді өткізу географиясы кеңейтіледі. Еліміздің барлық елді-мекендерінде, ірі-кіші ауылдардың және қалалардың орталық көшелерінен бір уақытта салтанатты маршпен 500 мыңнан астам оқушы, олардың ата-аналары және педагогтар өтеді. Шерудің дайындығына оқушылар, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, ата-аналар және мәдениет пен спорт өкілдері белсенді ат салысып жатыр.