• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асырылуының бір жылдық қорытындысы жасалды

344 рет
көрсетілді

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асырылуының бірінші жылдық қорытындысын таныстырды.

Облыс бойынша бір жыл ішінде жалпы құны 10,2 млрд. теңгеге 117 жоба іске асырылды.

Өңірдегі рухани құндылықтарды насихаттау мен сақтап қалу мақсатында үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, «Рухани қазына» кіші бағдарлама шеңберінде республикалық жобалар реестріне 97 әлеуметтік-мәдени және инфрақұрылымдық жобалар енді. 2017 жылы 298 млн.теңгеге 42 жоба жүзеге асты. Ағымдағы жылда 56 жобалар бастама алды.  

Осы бағыттағы басты нәтижелердің бірі Ақмола облысындағы 10 нысанның «100 киелі жерлер» республикалық тізіміне енгізілгені болып табылады. (Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, Абылай хан алаңы, Кенесары үңігірі, Батығай кесенесі, Оқжетпес тауы, Қабанбай батыр мазар-кесенесі, «Беспақыр» және Баубек батыр кесенелері) Бүгінде бұл нысандар жалпыұлттық игілік болып табылады. 

QR кодтар - заманауи технологиялар көмегімен киелі нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша «Ескерткіштер сыр шертеді» атты жоба іске асырылып жатыр.

Атап өтсек, бірқатар аудандардағы мәдени нысандарда жерлес демеушілердің қолдауымен  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалды-техникалық базасын жаңарту жөніндегі мәселелер шешілді. Жалпы, бір жыл ішінде меценаттармен 150,8 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Облыс аумағында Ботай мәдениетін дамыту және насихаттау мақсатында Бурабай ауданында «Визит Центр «Ботай» археологиялық-этнографиялық кешенінің ашық аспан астындағы мұражайын құру жоспарланып отыр.

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Ақмола облысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және коммуналдық шаруашылық салаларында жалпы құны 5,2 млрд. теңгені құрайтын 59 әлеуметтік жобалар іске асты. 14 жаңа әлеуметтік нысандар салынды.

Қорғалжын ауданында еліміздің 80% астам құс түрлері ұсынылған. Дәл осы жерде республикадағы алғашқы аймақтық орнитологиялық орталық ашылды. Бұл жобаны кәсіпкер Түспекова Құралай 53,5 млн. теңгеге түгелдей қаржыландырған және бастамашылық еткен. Маусым айынан бастап алғашқы мектеп экспедициялары басталады. Сонымен қатар, осы жылы орталық базасында жалпы құны 25 млн. теңгеге зертхананың, төрт бақылау пунктілерінің ашылуы, спорттық орнитология фестивалін өткізу, кешенді ғылыми-танушылық орнитологиялық іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

«Қазақстандықтарды  өз кіші отанын сүюге, щыққан тегін, мәдениетін және халқының салт-дәстүрлерін білуге  шақыратын «Туған жер» арнайы жобасы аясында Қорғалжын ауданыда «Балтабек» туристік кешені ашылды. Мұнда туристерге атпен серуендеуге және Тазы мен Төбет  асыл тұқымды иттердің сүйемелдеуімен аңшылыққа шығу ұсынылған», - деп өңір басшысы атап өтті.

Ағымдағы жылы тағы да 30 әлеуметтік жобалар бастау алады. Мысалы, Целиноград ауданында жергілікті тумалардың бастамашылығымен шамамен 2 млрд. теңге көлемінде 2 жаңа мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы ұсынылды.

«Жалпы, Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс құрылды. Өңіріміздің өз құндылықтары, ерекшеліктері бар, ал ең бастысы рухани құндылықтарды қалыптастыру арқылы патриотизм танытатын адамдар бар», - деп облыс әкімі қорытындылады.