• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Мамыр, 2018

Астанада әйелдер арасындағы бокстан ел чемпионаты өтеді

313 рет
көрсетілді

12-17 мамыр күндері аралығында «Дәулет» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Жарыстың басты мақсаты - халық арасында бұқаралық спортты дамыту және елдің ең үздік спортшыларын анықтау.

Чемпионат ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, елорданың мәдениет және спорт басқармасы, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» Коммуналдық-қазыналық кәсіпорны.

Чемпионат AIBA талаптарына сай 10 салмақ санаты бойынша өтеді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ережелеріне сәйкес арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталатынын атап өтуде. Чемпионаттың ашылуы 13 мамыр күні сағат 16:00-де өтеді.

Алдын ала жекпе-жектер: 13 мамыр күні сағат 16:30-да, 14 мамыр күні сағат 12:00-де; ¼ финал: 15 мамыр, сағат 12:00-де; Жартылай финал: 17 мамыр, сағат 12:00-де өтетіні жоспарланған.