• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

219 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 12 мамыр күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында жаңбыр мен найзағай сақталады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр болады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Сондай-ақ, еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл болып, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-23 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.