• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2018

Елордада көлік жүргізушілерінің велосипедшілерді соғып кетуі жиіледі

208 рет
көрсетілді

Елордада автокөлік жүргізушілерінің велосипедшілерді соғып кету жайттары жиіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметтері бойынша өткен бірнеше апта ішінде мұндай 3 жайт тіркелген. 

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, велосипед көлік құралы болса, велосипедші - көлік құралының жүргізушісі, демек, жол қозғалысының қатысушысы.

Түнгі уақытта автокөлік жүргізушілері үшін жарық шағылыстыратын элементтерді (жапсырмалар, кеудешелер және т.б.) пайдаланбайтын велосипедшіні көру оңайға соқпайды. Велосипедшінің қандай әрекет жасайтынын алдын ала болжау мүмкін емес. Үлкен көлік құралдары қозғалысы кезінде жүргізушілерге  велосипедшілерді қосымша айналар арқылы да көру қиын. Велосипедшілер тек шеткі оң жақ жолақтың бойымен жүруі тиіс, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, оларға жаяужолдың шетімен де жүруге рұқсат етілген.

Велосипедшілер өздерінің көліктегідей қорғаныспен қамтылмағанын жүргізушілердің ұмытпағынын қалайды. Болмашы қақтығыстың өзі оқыс оқиғамен аяқталуы мүмкін.  Үлкен көлік құралдары велосипедшілер үшін бұрылыстарда үлкен қауіп төндіреді. Велосипедшілермен соқтығысып қалмау үшін қапталдан біршама деңгейде арақашықтық сақтаған жөн.

Жолға шыққан кезде сіз өзіңіз үшін ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін жауапты екеніңізді естен шығармаңыздар!