• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2018

Шағалалы Шардарада туристер санын 45 мыңнан асыру жоспарланып отыр

551 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені көптен бері айтылып келеді. 

Аймақ қолайлы, әрине, алайда алдымен инфрақұрылым мен қонақтарға сапалы қызмет көрсету деңгейін жақсарту қажет. Бұл орайда, ілгеріде әуежай салып, шағын ұшақтарды қатынасқа қою жөнінде ұсыныс та айтылған болатын.

Бүгінде аудан әкімдігі нақты жүзеге асырылуы тиіс жұмыстарды қолға алыпты. ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов алдағы уақытта 255 гектар аумақта 60 нысанның құрылысы жүргізілетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, мейрамханалар, аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бой көтереді. Аудан басшысының айтуынша, туристік аумаққа тартылатын инвестиция көлемі - 6,7 млрд. теңге. 

Жобаға қызығушылық танытқан инвесторлар да бар. Жоғарыда аталған жоспарлар іске асқан жағдайда 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, бірнеше нысан бой көтереді. Осындай мақсатты жұмыстар нәтижесінде өңірге келуші туристердің саны 45 мыңнан асады деп жоспарлануда.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы