• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Мамыр, 2018

Eurovision-2018 байқауында Израиль әншісі жеңіске жетті

350 рет
көрсетілді

Toy («Ойыншық») әнін шырқаған Израиль әншісі Netta (Нетта Барзилай) 63-ші халықаралық Eurovision ән байқауының жеңімпазы атанды. Байқау нәтижесі сенбіден жексенбіге қараған түні Лиссабондағы Altice аренасында белгілі болды.

Екінші орынға Fuego («Жалын») әнін шырқаған Кипр өкілі Элени Фурейра тұрақтаса, үздік үштікті Nobody But You («Сенен басқа ешкім емес») композициясымен австриялық Сезар Сэмпсон түйіндеді.

25 жастағы Нетта Барзилай Eуровижн байқауына Израильдегі музыкалық реалти-шоудағы жеңісінен кейін жолдама алған. Eurovision ережесіне сәйкес келесі байқау жеңімпаздың елінде өткізіледі.

Айта кетейік, Eurovision-2018 8-12 мамыр аралығында Португалия астанасы - Лиссабонда өтті. 

Соңғы жаңалықтар