Футбол туралы жазатын Goal басылымы әлемде ең көп жүлде жеңіп алған командалардың рейтингін шығарды. Бір қызығы, алғашқы ТОП-5 команданың ішінде «Реал», «Барселона», «Бавария» секілді гранд командалар жоқ.
Басылымның рейтингі бойынша, тізімді 117 жүлдесі бар Мысырдың «Әл-Әхли» клубы бастаған (Мысырда – 93, әлем бойынша 24 жүлде алған). Екінші орындағы Шотландияның «Рейнджерс» командасында 115 жүлде бар (Шотландияда – 114, әлем бойынша – 1). Үздік үштікті Уругвайдың «Насьональ» клубы 111 жүлдемен түйіндеді (Уругвайда – 102, әлем бойынша – 9).
Ал Испанияның екі үздік командасы «Барселона» мен «Реал» клубтары алтыншы және жетінші орынға тұрақтаған. Каталониялықтар еншісінде 89 (72+17), Мадрид клубының қоржынында 88 (64+24) кубок бар.
Бір жылда 32 жекпе-жек ұйымдастырадыMatchroom Boxing промоутерлік компаниясы сандық медиа саласының алыбы Perform Group компаниясымен бір миллиард доллар көлеміндегі келісімшартқа отырды.
Келісімшарт бойынша Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы бір жылдың ішінде 32 бокс кешін ұйымдастыруы керек. Сонымен қатар бұл жекпе-жектер Perform Group серіктесінің ұсынысы бойынша DAZN қызметі арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады. Matchroom Boxing пен Perform Group арасындағы серіктестік 8 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ 32 бокс кешінің 16 жекпе-жегі АҚШ-та, дәл сондай бокс кеші Британияда өтуі керек. Бір айта кетерлігі, Matchroom Boxing компаниясы ұйымдастырған бокс кешін жанкүйерлері pay-per-view жүйесі (ақылы көрсетілім) арқылы көрмейді. Оның орнына ай сайынғы жазылымға тапсырыс бере алады.
Айта кетейік, отандасымыз Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) дәл осы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының өкілі саналады.
Арда Тұран 16 ойынға шеттетілді«Ыстанбұл» командасының жартылай қорғаушысы Арда Тұран өрескел тәртіп бұзғаны үшін оны Түркия футбол федерациясының тәртіптік комитеті 16 ойынға шеттетті.
Түркия лигасының 32-тур ойынында «Ыстанбұл» мен «Сивасспор» командалары кездесіп, матчтың 94-минутында «Сивасспор» командасының ойыншысы тәртіп бұзған. Алайда төреші ойын ережесі бұзылған жоқ деп есептеген. Ал Тұран тәртіп бұзылды деп, қапталдағы төрешіге дауыс көтеріп, қолымен итеріп жіберген.
Сол сәтте төреші Тұранға қызыл қағаз көрсетіп, ойыннан шеттеткен. Осылайша, тәртіптік комитеттің шешімімен 16 ойынға шеттетілген ол Түркия лигасының осы жылдағы екі ойынына, келесі жылғы 14 матчына қатыспайды.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»