• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2018

ЮНИСЕФ Қазақстанда цифрландыруға қатысты хакатон өткізеді

217 рет
көрсетілді

ЮНИСЕФ Қазақстандағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерін цифрландыруды ілгері бастыру үшін хакатон өткізеді. Алматыда 18-19 мамыр күндері өтетін хакатонға  Алматы қалалық әкімдігі мен Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті ат салысып, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау экожүйесін цифрландыру. Блокчейн» тақырыбында  ұйымдастырады.

Бұл шара – денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелері үшін инновациялық шешімдер ойлап табу, сонымен бірге, инновациялық шешімдерді жастар арасында ілгері бастыруды көздейді.

Хакатонға қатысу үшін Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан 20 команда, сондай-ақ, Қырғызстаннан екі команда таңдалды, олар 6 университет, азаматтық қоғам және бизнес-инкубаторлар атынан өкілдік етеді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады және жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін алады.

Хакатон тақырыптары:

1. Медициналық мақсатта қолданылатын дәрілік құралдарды және бұйымдарды (МҚҚ ДҚ және Б) қадағалау.

2. Созылмалы сырқаттарға шалдыққан науқастарға қашықтан мониторинг жүргізу.

3. Отадан кейінгі мониторинг.

4. Әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз халық топтарының бірыңғай дерекқорын (ӘӘХТ) құру.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ