• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 17 Мамыр, 2018

«Яндекс» компаниясымен ынтымақтастық жайы сөз болды

234 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ян­декс» компаниялар то­бының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ар­кадий Волождың Қазақстанның тумасы және оның ТМД-дағы цифр­лы экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы цифр­лан­дыру саласында ресейлік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқ­талып, Алматыда тақырыптық форум өткенін айтты.

А.Волож Ресейде де, Қа­зақ­станда да жаһандық және жергілікті компаниялар бір на­рықта ашық жұмыс жүргізу үшін қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керектігін атап өтті.  

Әңгімелесу барысында тараптар ІТ-хаб және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.