• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2018

СҚО-да Л.Прокопенконың қатысуы­мен семинар-тренинг өтті

292 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төраға­сының орынбасары –Хатшылық мең­герушісі Л.Прокопенконың қатысуы­мен «Қазақстан өңіріндегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласын­дағы мем­лекеттік саясатты жүзеге асыру» та­қы­рыбы бойынша семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға ҚХА, Орталық сайлау комис­сиясының мүшелері, Дін істері комитетінің мамандары, «Діндерді зерттеу орталығы» қауым­дастығының сарапшылары, отандық ғалымдар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыс­тарының этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ішкі, жастар саясаты, тілдерді дамыту, дін істері бөлімдерінің өкілдері шақырылып, көпшілікті толғантқан өзекті мәселелер талқыланды.

Басқосуда жобаның үйлестірушісі, Орта­лық Азия аймағы бойынша ұлтаралық және дінара­лық қарым-қатынастарды зерттеу орта­лығының жетекшісі, ҚХА жанындағы ғылыми- сараптамалық кеңестің төрайымы, социо­логия ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова жи­нал­ғандардың назарын бірқатар өзекті жайт­тарға аударды. Жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалып­тастырудың әдістері мен тәсілдерін кеңінен сөз етті. Бірлігімізді, тұтас­тығымызды нығайту, қаза­қстандық бірегейлікті берік ету жолында қоғам­дық сананы жаңғыртудың басты шарттары­на, қоғам­дық қатынастардағы діннің алатын рөліне, жат діни ағымдарға қарсы кешенді іс-қи­мыл­­дарды дұрыс бағыттай білудің, жас буынды жаңа технологияларға дайындаудың, озық жетіс­тік­терді игерудің маңыздылығына тоқталды.

Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет өз сөзінде Елбасының сан қырлы сая­саты­ның арқасында Қазақстан халқы бір шаңы­рақ астына ауызбіршілікпен топтаса отырып ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын, Президенттің бес әлеу­меттік бастамасы барлық санаттағы адамдар­дың болашағына жарқын жол ашатынын, ел бірлігі қазақстандықтардың басты ұстанымы болып қала беретінін жеткізді.  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко өз ойын Мемлекет басшысы алға қойған талап-міндеттерден бастап, одан әрі Елбасының қатысуымен өткен ҚХА-ның ХХVI сессиясы тақырыбына ойысты. Ол сессияда сегіз міндет жүктелгенін, қай-қайсысы болсын үлкен жауапкершілік пен белсенді іс-қимылды талап ететін, осыған орай мемлекеттік деңгейде нақты іс-шаралар қабылданғанын, оның ішінде қоғамды ортақ мақсатқа топтастыратын құндылықтарға ерекше басымдық берілгенін айтты.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы