• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2018

Ақтөбенің орталық базарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды

471 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының нарық пен базардағы тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы орталық базардың қызметімен танысты.

ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықовтың мәлімдеуінше орталық базарды тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша 32 талаптың бұзылғандығы анықталды. Эвакуациялық шығу жолдарының ыбырсып тұрғандығы, арнайы өрт техникасының базардағы ғимараттар мен құрылыстарға өтуі қамтамасыз етілмегендігі, өрт дабылының ақауы бары және т.б. белгілі болды.

-  Маусым айының соңында мерзімі бітетін барлық бұзушылықтарды жою туралы бұйрық берілді. Бұдан өзге, ауданаралық экономикалық сотқа бұзушылықты толықтай жойғанға дейін қызметін тоқтатуға қуыным жіберілді.

Облыс әкімі базар қызметін реттеу және баға белгілеу мәселелерін, соның ішінде санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Егер жұмыс жасағысы келсе адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін және бұзушылықтарды жойсын. Жоймаса - жауып тастасын, - деді Бердібек Сапарбаев. 

Сонымен қатар, облыс басшысы 2018-2019 жылдары пайдалануға берілетін «Ақтөбе» индустриалды аймағындағы 11 жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен танысты. Бірнеше жобалар бойынша әлі құрылыс-монтаж  жұмыстары басталмаса да «Ақтөбе» ӘКК жер бөлу басқа да шараларды қамтамасыз ету үшін өз міндеттемелерін орындаған.

- 1 қыркүйек – соңғы мерзім. Осы уақытқа құрылысын іске қоспағандардың жері тартып алынады, - деп облыс басшысы инвесторларға ескертті.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі бірқатар маңызды әлеуметтік және өндірістік нысандардың, жыл бойғы «Әсем» лагері, аквапарк, Неке сарайы, «Aналарға тағзым» мұражай-үйі, тарихи-өлкетану музейі, мұз айдыны сарайы, «AЗФ»  ауданындағы қаладан шығатын өтпе жолын және «Көктас-Ақтөбе» АҚ силикат өнімдерінің зауытының құрылыс барысымен танысты.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе