Қасиетті Рамазан айында Астана қаласының мешіттері үш бағыт бойынша көлікпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Компанияда жол жүру ақысының тегін болатынын нақтылады.
Автобус «Әзірет Сұлтан» мешітіне дейін мына бағытпен жүреді:
- «Спутник» супермаркеті;
- «Астана-1» т/ж вокзалы;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.
«Нұр Астана» мешітіне дейін:
- Медицина колледжі;
- «Астана-1» т/ж вокзалы;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы
«Сәдуақас қажы ғылмани» мешітіне дейін:
- «Спутник» супермаркеті;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.
Еске салайық, Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады.