Мамырдың 17-18 күндері Астана мемлекеттік қызмет хабының бастамасымен Эстония сарапшысы қазақстандық денсаулық сақтау, ақпараттық технология және мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы қызметкерлермен азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, «Эстонияның электрондық денсаулық сақтау ақпараттық жүйесі: тәжірибе, сын-тегеуріндер және перспективалар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Эстониядағы денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды қолдану мен дамытудағы тәжірибелік тәжірибені Эстония Президентінің бұрынғы кеңесшісі Мадис Тиик таныстырды. Мадис Тиик - Эстония электрондық денсаулық сақтау жүйесі әзірлеушілердің бірі және электрондық денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, түрлі зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеcі бар.
Эстония - цифрлық мемлекеттік басқару, соның ішінде электрондық денсаулық сақтау саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. 2008 жылы Эстония азаматтардың туғанынан өліміне дейінгі барлық медициналық мәліметтерді жинақтайтын электрондық медициналық карталар жүйесін толық енгізген алғашқы ел болды. 2009 жылы Эстония бүкіл медициналық құжаттарды бір электронды жүйеге енгізуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ақпаратымен алмасу механизмін іске қосты. Эстонияның осы саладағы тәжірибесі Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыруда.
Семинарға денсаулық сақтау министірлігінің жетекші қызметкерлері мен мамандары, медицина мекемелердің бас дәрігерлері, Президент Әкімшілігінің медицина орталығы, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы, «Назарбаев Университеті», «Зерде» холдингінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері қатысты.
Астана мемлекеттік қызмет хабымен қатар семинарды «Назарбаев Университеті» және «Қоғамдық аудит» Ұлттық серіктестік платформасы қауымдастығы ұйымдастырды.