• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Парламент 18 Мамыр, 2018

Сенат басшысы белгілі саясаткер Бруну Масаишты қабылдады

311 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер, Хадсон институтының аға ғылыми қызметкері, «Еуразия таңы» («The Dawn of Eurasia») кітабының авторы Бруну Масаишты қабылдады.

Саясаткер бұл кітапта Жібек жолының жаңа тұжырымдамасы тұрғысында Қытайдың ауқымды инфрақұрылымдық «Бір белдеу, бір жол» жобасында Еуразияның келешегі көрініс тапқанын, Гонконг пен Сингапурдың жемісті дамуын, сондай-ақ Түркияның жаһандық рөлі арта түскенін шынайы жеткізіп отыр.

Сенат Төрағасы осыған байланысты Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін жалғастыратын транзит аумақ ретінде біздің еліміздің стратегиялық орнын нығайтуға жәрдемдесетін Қытай мегажобасының әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Көлік-логистика хабы ретінде Қазақстан басты рөл атқаратын болады және елдің инвестициялық тартымдылығы арта түседі.