Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьАймақ басшысының айтуынша, өткен жылы Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы тиіс 24 шағын жоба, барлығы 339 іс-шараға жалпы көлемі 2723,686 млн теңге жұмсалған. Биылғы жылы бағдарлама аясында өңірде жалпы құны 4586,5 млн теңгені құрайтын 85 жоба, 46 шағын жоба, барлығы 801 іс-шара іске асырылуда.
– Облыста 100-ден аса мектепте музей ашылып, 87 іздеу отряды құрылды. Жыл аяғына дейін өлкетану бағытында қосымша 14 мектеп музейі ашылады. Осы бағытта Қостанай облысына танымал тұлғалар туралы мәліметтер мен экспонаттар жинастырылуда. Олардың денін танымал тұлғалардың ұрпақтары, туыс-туғандары әкелуде, – деді Архимед Мұхамбетов.
Баспасөз мәслихатында айтылғандай, 172 млн теңгеден астам жеке инвестициялардың есебінен балаларға арналған технопарктер мен бизнес-инкубаторлар желісін құру үшін облыстың барлық аймақтарында 21 цифрлы технологиялар кабинеті ашылыпты. Сонымен қатар бүгінгі таңда Қостанай облысында «Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» жобасын іске асыру басталған. Оған облыстық бюджеттен 178 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
– Өткен жылы меценаттардың көмегімен Кейкі батыр кесенесі мен Тархан Шақшақ Жәнібек ескерткіші тұрғызылып, бюджет қаражаты есебінен Ыбырай Алтынсарин кесенесі қайта жаңғыртылды. Жалпы, еліміздегі киелі орындар тізіміне Қостанай облысынан 29 нысан енгізілген, соның ішінде 10 жалпыұлттық және 19 жергілікті нысан бар. Биылғы жылы қасиетті нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және аумақтарын абаттандыруға 88,5 млн теңге қаражат жұмсалады. Жөндеу жұмыстары Сарыкөл ауданындағы Барақ батыр кесенесі мен Ұзынкөл ауданындағы Святоникольская шіркеуіне де жүргізілетін болады,– деді әкім.
Бүгінгі таңда облыста «Көркейе бер, Қостанай!» акциясы кең қанат жайып келеді. Соның арқасында өткен жылы 2 млрд 674 теңгенің 135 әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жергілікті кәсіпкерлер бағдарламаның «Атамекен» жобасына ерекше қолдау танытқанын айрықша атап өткен жөн. Бизнес құрылымдардың атсалысуымен 101 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт мекемелері жөнделіп, 61 әлеуметтік нысанның материалдық-техникалық базасы жаңартылған, 18 балалар және спорт алаңдары орнатылған.
Облыс әкімі баяндамасында «Атамекен» жобасы бойынша 2018 жылы 4 млрд 165 млн теңгенің тағы 140 әлеуметтік жобасы іске қосылатынын мәлімдеді. Бұған қоса 1000 орынға арналған Ұлттық мәдени орталық салынады, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның құрметіне саябақ ашылып, ескерткіш мүсіні орнатылады және Қазақ халқына алғыс монументі бой көтереді.
Сөз соңында А.Мұхамбетов аймақтың басты байлығы оның ел тағдырына жауапты азаматтары екенін атап өтті.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»