Астана экономикалық форумы аясында БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, халықаралық медициналық «Severance-kz» қоғамдық қорының құрметті президенті Пан Ги Мун бастаған оңтүстіккореялық меймандармен кездесу өтті.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьҚазақстандағы медицина мекемелеріне Кореяның денсаулық сақтау жүйесін трансферттеу арқылы Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге арналған басқосуға келген БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мунды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов қарсы алды.
Жалпы, Корея Республикасымен арадағы стратегиялық әріптестік білім, денсаулық, ғылыми-инновациялық және қайырымдылық қызметі бағытында кеңінен дамып келеді. «Severance-kz» қорымен бірге елімізде медицина қызметкерлеріне арналған шеберлік сабақтары мен біліктілік көтеру курстары ұйымдастырылып, маман даярлаудың халықаралық бағдарламасы енгізілді. Әсіресе Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында нәтижелі жұмыс жүргізген оңтүстіккореялық мамандар тәжірибесін қазір өзге де өңірлерге тарату көзделіп отыр. Осы орайда еліміздің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға инновациялық технологияларды енгізу мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Кездесуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізінде Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтын ашу туралы меморандумға қол қойылды.
– Осы меморандум арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау деңгейін арттыруға күш жұмсайтын боламыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да менің есіміммен тұрақты даму орталығының ашылуы зор құрмет деп білемін. Тұрақты даму бастамасы алғаш рет БҰҰ-да көтерілген болатын. Негізгі мақсат – әлемде бейбітшілікті сақтау. Бұл мақсатқа 2030 жылы жетуді көздеп отырмыз. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен БҰҰ-ның барлық бастамалары белсенділікпен жүзеге асырылатынына сенемін. Аталған бастамаларды алға жылжытуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңызды рөл атқарады», деді Пан Ги Мун.
Университет ректоры Ғ.Мұтанов халықаралық академиялық қоғамға аталған институттың бағыты мен тұжырымдамасын түсіндірді. Оның айтуынша, адамзат өркениеті үшін тұрақты даму тақырыбы өте өзекті. Онымен адам іс-қимылының барлық түрі байланысты. Мәселен, азық-түлік қауіпсіздігі, әскери қауіпсіздік, табиғи ресурстардың, жердегі және су астындағы өмірдің сақталуы сияқты мәселелерді жатқызуға болады.
«Қазір осы мәселелердің шешімі іздестірілуде. Өйткені азық-түліктің, ресурстардың жетіспеушілігін өткерудеміз, экология бұзылды, науқас адамдардың саны артып келеді. Осы қарқынмен кете берсек, оны реттей алмай қаламыз. Адамзат өркениетінің әрі қарай дамуы белгілі бір уақытпен шектеледі. Аталған мәселемен барлық жаһандық институттар, танымал ғалымдар айналысуда. Тіпті 10, 20 немесе 100 жылдан кейінгі адамзаттың тіршілігін анықтайтын Рим клубы бар. Мұның бәрін басқарусыз жіберуге болмайды», деді Ғ.Мұтанов.
Сондықтан бұл институт халықаралық деңгейде жұмыс істейді. Оны Пан Ги Мунның төрағалығындағы кеңес басқарады. Институт қызметіне танымал ғалымдар қатысатын болады. Алайда негізгі салмақ университет қызметкерлері мен магистранттарына түспек. Олар шетелдік әріптестерімен бірге нақты жобаларды жүзеге асырады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»