Биыл Жамбыл облыстық филармониясының құрылғанына елу жыл толып отыр. Жарты ғасыр ішінде Әулиеатадан шығып, қазақ даласын ән мен күйге бөлеген майталман өнерпаздарды тәрбиелеген өнер ордасының әлі де халыққа берері көп.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьОсынау мерейлі сәтте филармония ұжымы әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән падишасы – Шәмші аға» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көрермен назарына ұсынды. Шәмші әніне сусаған әулиеаталықтар бұл күні «Баласағұн» орталық концерт залына көптеп жиналып, әуелі атақты композитордың өмір жолына арналған деректі фильмді тамашалады.
Әрине Шәмші тағдырына арналған, Шәмші шындығына бойлаған фильм көпшілікті бейжай қалдырмады. Тіпті композитордың «Ана туралы жыр» әнінің өмірге келу тарихы айтылғанда көрермен көздеріне жас үйірілді. Бала Шәмшінің анасы Сақыпжамалды сағынып, бақшада ағыл-тегіл жылап отырғанын көргені жөнінде Райхан Қалдаяқова тебірене естелік айтып, бұл әйгілі әннің өмірге келуіне осы жағдайдың себепкер болғанын жеткізді.
Ән падишасына арналған концерт қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Шәмші Қалдаяқов әндерінен құралған поппуримен басталды. Аталған оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұлов жетекшілік етті. Концерт барысында оркестрдің сүйемелдеуімен Динара Диханбаева композитордың «Құшақ жайған қандай адам?», Рәзия Мәдіханова «Ақ маңдайлым», Диас Әбілеков пен Дулат Жасұзақов «Арыс жағасында» әндерін тамылжыта орындаса, «Кәусар» вокалдық, «Алатау» фольклорлық ансамблі мен «Асыл әжелер» ансамблінің орындауындағы Шәмші әндері тыңдарман көңілінен шықты. Сонымен қатар вальс короліне арналған әндер де сахна шырайын арттырды. Бағлан Омаровтың «Жалғыз қайық» әнін Жанатбек Кәдіров, ал Қалдыбек Құрманәлінің «Шәмші аға» әнін «Алатау» триосы орындады. Өзге де өнерпаздар Шәмші әндерін нақышына келтіре орындап, көрермен көзайымына айналды. Концерт соңында филармония өнерпаздары Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін қосыла шырқап, тыңдармандар жүрегін тербетті.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы