• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2018

Қостанайда орманда от жаққандарға айыппұл салынады

403 рет
көрсетілді

Жаз айларында қалалықтар орманда сейіл құрғанды қалайды. Бірақ онда барған соң от жағып, оны сөндірмей кетеді де, орман өртінің тұтануына себепкер болады. 

Биыл өрт қауіпті кезеңі басталғалы аймақта 18 орман және дала өрттері орын алды, сондай-ақ далада 105 рет от тұтанған.  Демек, ормандағы өрттің негізгі себебі адам факторы болып тұр. Сондықтан орманда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау мәселесі қазір  өте өзекті болып саналады. Қостанай облысының Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері орман алқабында алдына ала рейдтер  жүргізіп, орманшылармен бірлесіп жұмыс жүргізуінің арқасында, өрттің тұтану ошағын уақытылы айқындап және оттың белең алып кетуін болдырмайды.

Қостанай облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жақында Қостанай қаласына жақын орманды алқаптарда   кезекті бірлескен рейд өткізді. Демалушыларға ормандарда от жағуға жол бермеу туралы әңгімелер өткізілді, түсіндіру жадынамалар таратылды.

«Орманда от жағу қауіпті» деп түсіндіру  демалушыларға жеткілікті болуы тиіс. Бірақ кейбір  адамдар осындай ескертулерді тыңдамайды, табиғи байлығымызға жанашырлық көрсетпейді. Сондықтан оларға  айыппұл салып, шара қолдануға тура келеді» деді департаменттің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мемлекеттік өрт бақылау тобының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Ерлан Бисен.

Биыл күн жылына бастағанның өзінде     ТЖД қызметкерлері  «Орманда өрт қауіпсіздік ережесін бұзу» ҚР ӘҚБтК 367-бабы және «Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздік ережесін бұзу» ҚР ӘҚБтК 410-бабы 1-бөлімі бойынша 6 адамға әкімшілік хаттама жазған Енді бұдан былай орманда от жағып және кауап пісіру үшін мангалда, тіпті көмірді тұтандырғанына адамдарға 5-тен 10 ЕТЕК-ке дейінгі айыппұл салынатынын да айтты Ерлан Бисен. Орман маңайында от  жағуға, далада құрғақ шөпті өртеуге қатаң тиым салынады.    Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай