Қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн кинофестиваліндегі жеңісі туралы «Вечерняя Астана» газетіне сұхбат берді.
- Картинаны түсіруге жеті жылға жуық уақыт кетіпті. Осы кезең арасында сізге ең қиын болғаны не?
- Фильмде көтерілетін тақырып жеңіл тақырып емес. Бұл психологиялық драма, сол себепті түсірілім кезінде қиыншылықтар болды. Мен өз жұмысымды өте қатты жақсы көремін, ол маған рухани ләззат сыйлайды. Дәл осы қасиет және режиссердің шығармашылық әлеуетіне деген сенім маған күш берді. Бұл туындыда мен сомдаған кейіпкер кадрдың 99,9 процентінде болды.
- Самал, қазіргі көңіл күйіңізбен бөліссеңіз?
- Мүмкін, әлі осы жүлдені жеңіп алғанымды сезіне алмай жатқан шығармын. Бәрі түс секілді. Бұл өте тамаша сезім. Біздің барлық шығармашыық ұжым ең жоғарғы жүлдені алу үшін аянбай еңбек етті, сол үшін барымызды салдық.
- Сіз жүлде тапсыру рәсімінде ұлттық нышандары бар ерекше көйлекпен шықтыңыз. Оны таңдауға көп уақыт жұмсадыңыз ба?
- Менің оған уақытым мүлде болмады. Әрине, мен ұлттық киіммен шыққым келді. Ол үшін Қазақстанға келіп, өлшеп көру керек еді. Қайталап айтам, бос уақыт мүлде болған жоқ. Біз біздің отандастарымыздың - қазақстандық продюссерлердің көмегімен түрлі образдарды қарап көрдік те, осыған тоқталдық. Бұл көйлекті маған Мәскеуге әкеліп берді.
- Мықты бәсекелестеріңіз болғаны үшін қобалжыған сәтіңіз болды ма?
- Шынымды айтсам, фестивальге қатысып жатқан барлық фильмді қарауға мұршамыз болмады. Алайда біз жанкештілікпен еңбек еттік, бар жігерімізді жұмсап, жеңіске жетуге ұмтылдық.
- Барша оқырмандарымыздың атынан сізді тарихи жеңісіңізбен құттықтаймыз, Самал. Сұхбатыңыз үшін алғыс айтамыз.