• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Мамыр, 2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

296 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау және Павлодар облыстарында «ІТ-мамандарды дайындау» партиялық жобасы негізінде ІТ-орталықтары іске қосылды. Жобаға ең алғаш болып үн қосқан Павлодардың Инновациялық Еуразия университетінің базасында «ІТ-мамандарды дайындау» партиялық жобасын іске асыру аясында жаңа ІТ-орталық ашылып отыр, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Арынова, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, ИнЕУ ректоры Марат Баяндин мен Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәди Сыздықов қатысты.

Бұл бүкіл Қазақстан бойынша ашылуы жоспарланып отырған 20 ІТ-орталықтың алғашқысы. Орталықта жұмыссыздар мен жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастар іріктеу сынағынан өтеді. Оны сәтті тапсырған жағдайда тыңдаушы оқуды бастайды. Қазірдің өзінде 44-тен астам өтініш берді. «Нұр Отан» бұл жобаны «Атамекен» ҰКП бірігіп  іске асырып отыр.

 Өз сөзінде Илья Теренченко атап өткендей, ұйымдастырушылар үшін ең маңыздысы – еңбек нарығында олар әрі қарай сұранысқа ие болатындай білікті мамандарды дайындау.  - Партиялық жұмысты әрі қарай жаңарту мақсатында партия басшылығы 22 жаңа жобаны қолға алғаны белгілі. Павлодар облысында жаңа партиялық жобаны іске қосу бойынша жұмыстар басталды. Соның ішінде, аймақта пилоттық режимде 3 жаңа партиялық жоба іске асырылады. Солардың бірі – «ІТ-мамандарды дайындау» жобасы, - И. Теренченко. ИнЕУ оқытушысы Елена Малышеваның айтуынша, тыңдармандарды үлкен жұмыс күтіп тұр

. – Оқыту бағдарламасының көлемі өте үлкен. Оқытудағы 200 сағат бойы жастар теорияны да, практиканы да меңгеретін болады. Біз оқыту аяқталған кезде тыңдаушылар   Android қосымшасын өздігін әзірлеу мен оны  Play Market-ке салатын деңгейге жетеді деп үміттенеміз, - дейді оқытушы.

 Жоба қатысушысы Алтынай Теміржанова бұл ІТ-орталық жастардың алдына үлкен мүмкіндік ұсынып отыр дейді. Ол партиялық жоба туралы әлеуметтік желілерден білген. «Қашыр ауданын цифрлық білім алуға арнайы келдім. Болашақта туған ауданым мен Қазақстанның ІТ-технологиясын дамытуға үлес қосқым келеді», - деп ағынан жарылды Алтынай.

Жобаның мақсаты – азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен білікті ІТ-мамандар ортақтастығын дайындау. Жобаны іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды қосқанда, бүкіл мемлекет бойынша 100 мың адамды, жыл сайын бүкіл аймақты толықтай қамти отырып 35 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Жастар сұранысқа ие цифрлық машықтар мен заманауи бағдарламалау тілдерін оқитын болады.