• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Мамыр, 2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

701 рет
көрсетілді

Шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев пен Биотехнология ұлттық орталығының бас директоры Ерлан Раманкулов қатысты. 

 

 Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында агроөндірістік кешен жаңа технологиялық деңгейге, өсімдікті қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштарды енгізудің интеллектуалды жүйелеріне көшуі тиістілігі атап өтілді. Өсімдік шаруашылығында тиімділігі аз су сіңіргіш дақылдарды өсіруді қысқарту жолымен жүру және оларды көкөніс, майлы және жемшөптік өніммен алмастыру қажет. Агрохимикаттарды тиімді пайдалану, қуаң аймақтарда топырақты өңдеудің заманауи технологиялары мен басқа да инновацияларды қолдануды кеңейту бойынша шаралар кешенінің қажеттілігі көрсетілді.

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев президенттің жолдауын орындау үшін ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің стратегиялық маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін 2018-2020 жылдарға қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды бөлу бойынша конкурс өткізіп жатқанын айтты, олардың бірі А.И.Бараев атындағы АШҒӨО негізінде ауданы  3000 га нақты егіншілік полигонын құру болып табылады.  Бұл жобаның мақсаты Ақмола облысында нақты егіншілікті дамыту бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру кезінде агроценозды басқару және мониторинг негізінде нақты егіншілік технологияларын бейімдеу және трансферт болып табылады.

Жобаны орындау барысында келесі міндеттер қойылады:

1. Нақты егіншілік полигонының негізінде инновациялық зерттеулерді әзірлеу, трансферт, бейімдеу, енгізу.

2. Тиімді нәтижелерді (Егістік күндері, БТО, БАҚ) көрсету арқылы өсірудің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып нақты егіншілік технологияларын кеңауқымды көбейту.

3. Ауыл шаруашылық өндірісінің нақты егіншілік жүйесіне көшіру және нақты егіншілік элементтерін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

4. Нақты егіншілік талаптарын ескеріп ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық карталарын жетілдіру.

5. Жаздық бидайдың жергілікті селекциясының үздік отандық сорттарының әлеуетін көрсету.

6. Нақты егіншілік үшін берілген параметрлері бар биотехнологиялық әдістердің негізінде жаздық бидайдың жаңа сорттарын шығару.

Нақты егіншіліктің арқасында егін егу мен астықты жинаудың  оңтайлы уақытты болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқышты себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің  интеллектуалды жүйелерін пайдаланып еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыруға болады. Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Климаттың өзгеруіне өндірістің тұрақтылығын арттыру үшін жергілікті жағдайларға бейімделген ақпараттық технологияларды, өсу мен дамудың биоүдеткіштерін, макро- және микротыңайтқыштарды қолдану, тікелей егу, топырақты өңдеудің жаңа жүйелері сияқты өсіру технологияларының элементтерін өндірістік жүйелерге біріктіру және өсіріліп жатқан дақылдарды әртараптандыру қажет. Топырақ-, қорүнемдегіш егіншілік тәсілдері топырақтың органикалық зат құрамын және оның физикалық сипаттамаларын оңтайландырады, бұл атмосфералық жауын-шашын ылғалын пайдалану тиімділігін арттырады және эрозиялық үдерістерді қысқартады.

Бұл жобаның орындалуы құрамына ірі алдыңғы қатарды ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, Ақмола облысының әкімдігінің өкілдері кірген, ғылыми өндірістік кеңеспен, Ұлттық Биотехнология Орталығының ғалымдарымен бірлесіп жүргізілетіндігін атап өту керек.

К.Абдуллаев өз сөзінде «Ауданы 3000 га өндірістік-тәжірибелік  полигон негізінде осы жобаны жүзеге асыру астық дақылдарының өнімділігін 25 ц/га дейін арттыратынын және еңбек өнімділігін  2,0-2,5 есеге көбейтетіндігін» баса айтты.