Екі елдің көлік министрліктері «КамАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп, жүк автокөліктерінің жүргізушісіз қозғалысын сәтті іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көліктер «Жаңа жол» өткізу бекеті арқылы Қазақстан − Ресей шекарасын бір уақытта кесіп өтіп, межелі пунктке қарай сапарын жалғастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Жүргізушісіз жүк автокөлік құралдары әлемде алғаш рет осындай форматта үш мың шақырымға жуық қашықтықты екі тәулікте жүріп өтіп, сапар уақытын екі есе қысқартты. Жаңа технологияларды қолданудың арқасында бұл бағыт екі тәулік ішінде еңсерілді.
Әріптестікті тереңдету мақсатында тараптар жобаны одан әрі дамытатын институционалдық база мен қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылған.