Алматы қаласының Самал-3 шағын ауданындағы 21-үйдің қасбетінде КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова бейнеленген мұрал пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұрал тұрғындардың әкімдікке жолдаған өтініші негізінде салынған. Ал дәл осы үйде кезінде Роза Бағланованың тұрған. Осылайша ғимарат өнер иесіне деген құрмет пен тағзымның символына айналды.
Мұралды жасау жұмыстарына әншінің келіні Марал Бағланова да қатысып, жобаға жоғары баға берді.
Аңдатпа: Бағланова туралы мюзикл
Халықтың жүрегінен әсем әнімен орын алған Халық әртісінің бейнесі енді Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де көрініс тапты.
Еске сала кетейік, өткен айда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өткен болатын.