• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Мамыр, 2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

510 рет
көрсетілді

«Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының маусымы аяқталғаннан кейін «Алтын бутса-2018» жүлдесінің иегері атанды. 

Аргентиналық шабуылшы бұл маусымда лиганың 36 ойынында 34 рет гол салып, 68 ұпай жинады. Ал оның басты қарсыласы саналған - «Ливерпуль» ойыншысы Мұхаммед Салах Англия чемпионатын 32 голмен аяқтады (62 ұпай).

Айта кетейік, бұл Мессидің мансабындағы бесінші «Алтын бутсасы». Ол бұл марапаттты екі рет қатарынан жеңіп алды. Осыған дейін ол 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары ие болған еді. Осылайша, 30 жастағы ойыншы «Алтын бутсаны» бес рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды. 

2017/18 маусымындағы «Алтын бутсы» рейтингінің үздік ондығы мынадай:

1. Лионель Месси («Барселона») - 34 гол (68 ұпай); 2. Мохамед Салах («Ливерпуль») - 32 (64); 3. Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур») - 30 (60); 4. Роберт Левандовски («Бавария») - 29 (58); 5. Чиро Иммобиле («Лацио») - 29 (58); 6. Мауро Икарди («Интер») - 29 (58); 7. Эдинсон Кавани («ПСЖ») - 28 (56); 8. Криштиану Роналду («Реал») - 26 (52); 9. Жонас («Бенфика») - 34 (51); 10. Луис Суарес («Барселона») - 25 (50).