Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев 2018 жылдың 22 маусымында сағат 10:00-де халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді.
Есеп беру кездесуі барысында ведомство басшысы Әділет министрлігінің өткен жылғы қызметі мен алдағы жоспарлары туралы айтып, халықтан түскен сұрақтарға жауап береді. Өңірлердегі тұрғындар үшін бейнебайланыс арқылы онлайн режімде сұрақ қою мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі-4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерттік залы.
Сонымен қатар тұрғындар өз сұрақтары мен ұсыныстарын министрліктің интернет-ресурсының http://www.adilet.gov.kz/ru «Әділет министріне сұрақ қою» айдарына жолдай алады. Қосымша ақпарат алу үшін 74-06-01, 74-06-02 телефондары бойынша хабарласуға болады.