• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2011

ҚазАгро байқауының жеңімпаздары

329 рет
көрсетілді

Еліміздегі аса ірі экономикалық құрылымдар­дың бірі – «ҚазАгро» ұлттық холдингі ел Тәуел­сіз­ді­гінің 20 жылдығына және холдингтің құры­луы­ның 5 жылдық мерейтойына орайлас журналистер арасында байқау жа­рия­лаған болатын. Жыл бойы жүргі­зіл­ген байқауға жүзден астам журналистер қа­тысты. Байқау қорытын­ды­сын­да солардың ара­сын­да жүзден жүй­рік шыққандары Астанада бас қосты. Байқауды ұйымдастыру комитетінің хабарла­ға­нындай, конкурстың жеңім­па­зы болып «Егемен Қазақстан» газе­ті­нің экономикалық шолушысы, әріп­тесіміз Сұңғат Әліпбай танылды. Екі екінші орынға «Эксперт Казахстана» журналының тілшісі Ольга Флинк пен «Хабар» арнасының журналисі Әлия Есенова ие болды. Үш үшінші орын «Костанайские новости» газетінің тілшісі Темір Түр­кіс­та­нов­қа, «Алау» телеарнасының жаңалықтар қыз­ме­ті­нің редакторы Татьяна Морозға, «Астана» ра­диосының ақпараттық бағдарламасының жетекші редакторы Сайран Құсайыноваға бұйырды. Сондай-ақ «Айқын» газетінің эко­номикалық шолушысы Алма Мұ­хамед­жанова, «СТВ» телеарна­сы­ның бас редакторы Бауыржан Берді­мұратов, «Кор­порация» газетінің бас редак­торының орын­басары Дидар Бегалиев, «Агрожаршы» газетінің бас редакторы Мәнсия Сәкенова 100 мың теңгелік көтермелеу сыйлықтарына ие болды. Конкурс жеңімпазы мен жүлде­герлерін «Қаз­Агро» холдингінің бас­қарма төрағасы Берік Бей­сен­ғалиев, оның орынбасарлары Қайрат Ай­ту­ғанов пен Лилия Мусина және холдинг құрамындағы корпорациялардың бас­шы­лары құттықтады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.