Астанада дауылдан 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана коммуналдық қызметі дауыл салдарын жөнге келтіріп жатқаны айтылады. "Қазгидромет" РМҚ мәліметінше, 22 мамырда елорда аумағында жел жылдамдығы секундына 25 метр болған.
"Қазіргі уақытта Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген түрде дауылдың салдарын тазартып жатыр. 14:30-ға дейін 13 адам жедел жәрдем көмегіне жүгінген, олар жеңіл жарақат алған", - делінген хабарламада.