• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2011

«Ақ жолдың» партиялық тізімін тіркеді

393 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының кеше өткен отырысында Комиссия «Ақ жол» демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 63 кандидатты қамтитын партиялық тізімін тіркеді. «Ақ жол» демократиялық партия­сы­нан тіркелген кандидаттардың арасында төрт ұлттың өкілі бар, олардың 15 пайызға жуығы – әйелдер. Партиялық тізімге енгізілгендердің жартысына жуығы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Олардың ең жасы 26 жаста. Барлық кандидаттар жоғары білімді, 35 пайызға жуығының білімі заңгер, не экономист. 25 пайыздан астамы түрлі халық шаруашылығы салаларының мамандары. «Ақ жол» демократиялық партиясы­нан ұсынылған үміткерлердің жарты­сы­нан көбі коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері болып табылады. Сондай-ақ тізімде ғылым, мәдениет, білім саласының және мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері де бар. Соңғы тәулікте мәслихаттар депу­тат­тығына кандидаттар ұсыну айтарлықтай белсенді жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясына түсіп жатқан мәліметтерге сәйкес, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы жағ­дай бойынша мәслихаттар депутат­ты­ғына 3056 үміткер ұсынылған. Олардың арасында облыстық мәслихаттарға – 300, оның ішінде Астана қаласының мәсли­ха­тына – 25 және Алматы қаласының мәс­лихатына – 37 кандидат, аудандық мәсли­хаттарға – 2252, қалалық мәслихаттарға – 504 кандидат бар. Ұсынылған кандидаттардың 830-ы – «Нұр Отан» партиясының, 17-сі – Коммунистік халық партиясының, 12-сі – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 7-уі – Қазақстанның со­циал-демократиялық «Ауыл» партиясы­ның, 3-уі Қазақстан Патриоттары пар­тия­сының және 1-уі Жалпыұлттық со­циал-демократиялық партияның мүшесі. Ал 812 үміткер өздерінің партияға қа­тыс­тылығын көрсетпеген, 1374-і партияда жоқтар. Қазіргі сәтке дейін мәслихаттар депу­таттығына 39 кандидат тіркелген. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.