• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2018

А.Мамин: «Астана» ХҚО – жекешелендірудің негізгі операторы

295 рет
көрсетілді

«Астана» қаржы орталығы – Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі операторы болмақ. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты сессиясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты.

– «Астана» қаржы орталығы Сингапур, Нью-Йорк, Лондон, Дубай сынды қаржы орталықтарының тәжірбиесін негізге ала отырып жұмыс жасайды. халықаралық тәуелсіз сот жүйесі инвесторлардың құқығын қорғап, ақпараттың ашықтығын, әділ шешімдердің қабылдануын қамтемасыз етеді. Ағылшын құқығымен және тәуелсіз соттармен жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы ЭКСПО-2017 қалашығында орналасқан. Аталған орталықтың ағымдағы жылғы 5 шілдеде өтетін ресми тұсаукесеріне шақырамын, – деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ жиында сөз алған «Астана» ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов елдегі аса маңызды бағдарламалардың бірі – жекешелендіру Мемлекет басшысынның «100 нақты қадам» және 5 институционалдық реформаға сәйкес экономиканы әртараптандыру бағыты бойынша жүзеге асып отырғанын айтты.

– Ауқымды бағдарламаның аясында алдағы 3-5 жылда IPO-ға кіретін «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темiр жолы», «Қазақтелеком», «Қазатомпром» жекешелендіруге шығады. Бұлардың барлығы ІЖӨ-нің 40 пайызын құрайтындығын да айта кеткен жөн. Бұл қадам Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесінің жандануына және де инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Елде соңғы жылдары инвестиция тарту үшін инвесторларға заң аясында жеңілдіктер қарастырылып отыр, - деді Қ. Келімбетов.

Арнұр Асқар,

«Егемен Қазақстан»