Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған экскурсияның бағдарламасы тарихи- танымдық бағытқа арналды.
Балалар Шымкент, Түркістан, Сайрам ауылы, Арыстан-Баб кесенесі, «Қазына» этно-тарихи кешені, «Отырар» қаласы, «Әзірет-Сұлтан» мемориалды кешені, Қарашаш ана кесенесі, Ибраһим ата кесенесі, Қызыр минареті, Хилвет жерасты мешіті, «Тілектер сандығы», әулие бұлақ сияқты қасиетті жерлерді аралады.
Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, тарихи орындарға бару, саяхаттау- оқушылардың рухани-патриоттық тәрбиесінде маңызды орын алады. Бұдан кейін Астанаға екі күндік тур, өз өңіріміздің киелі жерлеріне арналған саяхаттармен жалғасады.
Ал жалпы, өңірде балалар үйлерін оңтайландыру немесе жабу жұмыстары 2010 жылдан бері жүргізілуде. Отбасы үлгісіндегі ауыл, балалар үйі болып қайта қалыптасуда. Өткен жылы 63 бала отбасы қамқорлығына алынған. Қазір 3 балалар үйі, 4 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 2 отбасы үлгісіндегі ауыл, 1 арнайы мектеп-интернат, 2 жетімдер үйі, 1 жастар үйі жұмыс жасауда.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген Айгүл Есенәлі