Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мақсат Босқұмбаевтың айтуынша, Ертіс өзенінің су қоймаларында балық аулауға тыйым салынды. Мәселен, Семейдегі тыйым салу кезеңі мен Өскемен және Павлодар су қоймаларында ауа райына байланысты тыйым салу кезі әртүрлі.
– Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салу шараларын реттейтін арнайы бұйрық бар, – деді Мақсат Босқұмбаев. Мәселен, Ертіс өзені бойындағы Павлодар, Семейден бастап Өскеменге дейін мамырдың 10-ынан маусымның 10-ына дейін балық аулауға болмайды. Бірақ өткен жылы бұл шектеуге қарамастан тәртіп бұзғандардың 3 моторлы қайығы, 40 шақты ау, 10 қайық, 100 килодан артық балық тәркіленді. Айыппұл өндірілді. 150 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 40 іс әкімшілік сотқа табысталды.
Уылдырық шашу мерзімі басталды. Сондықтан да балықтарды қорғау үшін тәртіп сақшылары арнайы рейдтер өткізе бастайды.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист
СЕМЕЙ