• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2018

Мәжілісте тегін кәсіптік білім беру тетіктері қаралды

371 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары бастамашы болған бірқатар заң жобалары мақұлданды. Атап айтқанда, білім саласына бірқатар өзгерістер енгізуді көздейтін және тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру, газ және газбен жабдықтау туралы, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелерін қамтитын заң жобалары депутаттар қолдауына ие болды.

Бір мамандық – үш біліктілік

«Білім туралы» заңдағы өз­ге­рістер мен толықтырулар Елба­сының экономиканы білікті кадр­лармен қамтамасыз ету және ха­лықаралық талаптарға сай кә­сіптік білім беру бағдар­ла­маларын жаңартуға байланыс­ты жүктеген міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Атап айт­қанда Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында баршаға ар­налған тегін техникалық және кәсіптік білім жүйесін жетіл­діруді тапсырған болатын.

Аталған міндеттер енді «Бі­лім туралы» заңға енгізілетін өз­ге­рістер мен толықтыруларда көрініс тауып отыр. Заң жоба­сына байланысты баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Ба­қыт­гүл Хаменованың айтуын­ша, аталған өзгертулер мен толық­тырулар техникалық және кәсіп­тік білім беретін оқу орындары қызметінің басты төрт бағы­тын реттеуге негізделген.

– «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік бі­лім» жобасының негізгі мақ­саты жұмыссыз жүрген, оқу орын­дарына түсе алмаған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, аз қам­тылған отбасынан шық­қан жастардың жұмысшы ма­ман­­дығын тегін алуына мүм­кіндік жасауға бағытталған. Бар­лық мамандықтар бойын­ша жауапты министрлік оқу бағдарламаларын қайта қарас­тырып, жаңа модульдік оқу бағдарламаларын әзір­леді. Мо­дульдік оқу бағдар­ла­ма­ларының ерекшелігі – бір мамандық ая­сында бір білік­тіліктің орнына үш біліктілікке дейін алуы. Заң жобасында аталған мо­дуль­дік оқу бағдарламаларын заң­намалық түрде бекітіп, оқу үр­дісіне енгізу көзделуде. Бұл енгізілген жаңашылдық жалпы жұмысшы мамандықтарының беделін арттырады деген ойдамыз, – деді Б.Хаменова.

Сонымен қатар заң жобасында бүгінге дейін ешқандай заңда немесе құқықтық акті­лерде көрсетілмей келген «тә­лім­гер» ұғымы және оның еңбек ақысын төлеу туралы норма­лары қамтылған. Бұдан былай Еңбек кодексіне «тәлімгер», «өн­дірістік оқыту», «кәсіптік прак­тика» ұғымдары енгізілмек. Демек, елімізде дуалды оқыту жүйесі қолға алынғаны­мен, тек теориялық білім бе­ру­м­ен шек­теліп, оқушылар мен студент­терді тәжірибеден өт­кізуі қиын болған оқу орын­дары­ның маңызды мәселесі шешіл­гелі отыр. Яғни, кәсіп­орын­да­ғы білікті маманға жас ма­ман­ды оқытып, үйретіп, ең­бек­ке бау­лы­ғандығы үшін ақы тө­ленбек. Бұл қаражат жергілікті әкімдік­тердің есебінен өтеледі.

Ал осы құжат аясында кол­ледж түлек­терінің кәсіби даяр­лық деңгейін бағалау және біліктілікті беру процедурасын қорытынды аттестаттаудан алып тастап, оны бәсекелестік ортаға беру ұсынылған.

Б.Хаменова заң жобасы шеңберінде келешекте мем­ле­кеттік білім беру тапсырыстарын жүзеге асыруда өңірлік кә­сіпкерлер палаталарымен бірге басқа да мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныстары есепке алынатындығын атап өтті.

Қаржы және қауіпсіздікті қамтыған жобалар

Жалпы отырыста депутаттар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңның жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атам­құлов заң жобасы қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс сала­сындағы мем­ле­кеттік саясатты жүйелі негіз­де жүргізуге мүмкіндік беретін­дігін атап өтті.

– Бірінші, мемлекеттік сая­сат­тың, сондай-ақ қорғаныс өнер­кәсібі және мемлекеттік қор­­ға­ныстық тапсырыс сала­сын­дағы мемлекеттік реттеу­дің негізгі міндеттері бекіті­ле­ді. Екінші, құқық қолда­ну тәжі­ри­бесінде пайдаланылатын, алайда заңнамалық тұрғы­дан бекітілмеген қорғаныс өнер­кә­сібі, қорғаныс өнеркәсібі кеше­нінің ұйымдары, әскери-техни­калық ынтымақтастық, пайда­ланылмайтын мүлік сияқты жаңа ұғымдарды айқындау ес­керілген. Сондай ол қару-жа­рақ, әскери техника және қару-жарақ пен әскери техника ай­налымы деген ұғымдар біріз­ден­дірілгенін атап өткен жөн, – деді Б.Атамқұлов.

Жиында, сондай-ақ «Қазақ­стан Рес­публикасының кей­бір заңнамалық актілеріне тәуе­келдік (венчурлік) қаржы­лан­дыру мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Бұл құжат бойынша ақпа­раттандыру саласындағы уәкі­летті органның «Ас­тана Хаб» халықаралық техно­ло­гия­лық паркінің қызмет ету қағи­даларын әзірлеу мен бекіту және оның қызметін үй­­лес­тіру жө­ніндегі функция­лары ай­қын­далады және «Ас­тана Хаб» ха­лық­аралық техно­ло­гиялық пар­кіне қаты­су­шы­ларға визалық қол­дау мен жұ­мыс істеуіне қол­дау көрсету тәр­ті­бі бел­гі­ленеді.

Жалпы, заң жобасының бас­ты мақсаты – венчурлік қар­жы­ландыру саласында қоғам­дық қарым-қатынасты құқық­тық реттеуді жетілдіру, венчур­лік жеке нарыққа қолдау көр­сету. Сонымен бірге венчур­лік қаржыландыруды дамыту үшін құқықтық база құру, инно­вациялық саланы мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, венчурлік қаржыландыруды жү­зеге асыруда қазақстандық жаңа келісімді құрылымдарды енгізу арқылы жеке капиталға жайлы жағдай жасау.

Бұл заң жобасын қарау барысында Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулин құжаттың ма­ңыздылығына тоқталып өтті.

– Бүгін біз еліміздің эко­но­микалық дамуы үшін маңызды заң жобасын мақұлдадық. Осы заң жобасын қабылдау Үкіметке венчурлік қаржыландыру бо­йынша тиісті жұмыстарды жасау үшін жол ашатын болады. Оның барлығы еліміздің ин­­но­вациялық дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Жалпы отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Үкіметі арасын­дағы Қорғас өзенінде «Шүкір­бұлақ (Алмалы)» бірлес­кен сел ұстайтын бөгетін са­лу­дағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау тура­лы», «Газ және газбен жабдық­тау туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы», «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін ке­ң­ейту мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгі­зу туралы» заң жобалары да толық­тай мақұлданды.

 Отырыс қорытындысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­­­матулин тікелей депутат­та­ры­мыздың өздері бастамашы болған төрт заң жобасы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғандығын атап өтті.

– Бұл депутаттық корпус үшін үлкен нәтиже екені сөзсіз, – дей келіп, заң жобаларын же­тілдіруге қатысқан барлық әріп­тестеріне және жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді. Заң жобалары одан әрі Сенат қарауына жолданды.

Жалпы отырыс Мәжіліс депутаттарының орталық атқа­рушы органдарға жолданған са­уал­дарымен түйінделді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»