Өткен айда Мемлекет басшысының жұмыс кестесі өте тығыз болды. Осыған орай Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының жұмыс кестесінің айтулы әрі ауқымды оқиғалары туралы видео жариялады.
«Ақордадағы кездесулер мен отырыстардан тыс, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның екі өңіріне жұмыс сапарымен барды, Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия отырысына қатысты. Akorda.kz ресми сайтында Қазақстан Президентінің қызметі туралы 51 ақпараттық хабарлама берілді», - деп мәлімдеді Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасының қатысуымен өткен отырыстар мен кездесулер туралы видеоны баспасөз қызметі Фейсбукте жариялады.