Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы филиалының директоры Дастан Жантелиев аталмыш ұйымның Алматыдағы департтаменттерінің бірігуі мен цифрландыру бағытындағы жұмыстарына қатысты ақпараттармен бөлісті.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі – азаматтар мен бизнеске цифрлық нұсқада қызмет көрсету.
Мамыр айында корпорация құрылған 2 жыл ішіндегі оңтайландыру мен трансформацияланудың төртінші кезеңі өтіп, Алматы қаласы филиалында да бірқатар өзгерістер жүрді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» және «Әлеуметтік төлемдерді мекемеаралық есептеу» департаменттері бірігіп, бір құрылымға айналды. Осылайша, бір орталыққа біріктіру жүйесі, құрылымдардың қайталануын болдырмай, фронт-кеңселерде цифрлық қызмет алуға жағдай жасауға бағытталды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері «Connection Point» арқылы 519315-нан аса кеңес беріліп, 590863 адам өздігімен қызмет алған.
Алматы қаласындағы барлық фронт-кеңселерде азаматтарға цифрлық қызмет көрсету секторлары іске қосылды. Алмалы аудандық ХҚО қазіргі бағытқа лайықталып өзгертілгенін айтуымызға болады. ХҚО электрондық қызметтерді алуға арналған 37 орындық цифрлық қызметтер секторымен, 4 қоғамдық қол жеткізу пунктімен жабдықталған. Қызмет алушылардың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейне-байланыс жүйесінде өтініш беруіне және онлайн бейне-кеңестер алуына арналған аймақ та бар. Өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алу мен жұмыс істеу дағдыларын үйренгісі келетіндерді оқытуға арналған сынып жабдықталған. ХҚО жаңартылған ақпан айынан бүгінге дейін 72 991 қызмет көрсетілген.
«Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу бойынша Бостандық және Жетісу аудандық ХҚО-ларында 3 сағат ішінде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді рәсімдеуге болады. Жыл басынан бері 4309 қызмет көрсетіліп, оның 3817-і 3 сағат ішінде көрсетілген.
Сонымен қатар «Анықтамасыз қызмет» – «Paper free» сервисі бойынша, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға Электрондық үкімет арқылы анықтама беру қызметі. Мәселен, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесінде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисі енгізілсе, оқу орындары электрондық үкімет порталынан қажетті құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бір реттік рұқсат бергенін растап, фронт-офиске бару міндетінен құтылады.
Бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыну жобасы да табысты жүруде.
Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша жаңа босанған 6406 әйелге СМС-ұсыныс жіберіліп, оның 1996-ға жуығы осы проактивті тәсілмен қызмет алу мүмкіндігін пайдаланды, 3341 туу туралы куәлік беріліп, 682 жәрдемақы тағайындалып, 1348 нәресте балабақшаға кезекке қойылды.
Содай-ақ, бүгінгі таңда азаматтарды онлайн - тіркеуге, жүргізуші куәлігін онлайн өтініш арқылы алуға, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына онлайн-бейне байланыс арқылы сұрақтар қоюға мүмкіндіктер бар екенін көпшілік біле бермейді. Бұл сервистерді пайдалана білмейтіндер кез-келген фронт-офиске келіп үйренуіне болады.
Цифрлық бағыттағы онлайн алуға болатын қызметтер:
Қызмет алушылардың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейне-байланыс жүйесінде өтініш беруіне және онлайн бейне-кеңестер ала алады; Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алады; Жүргізуші куәлігін онлайн режімде ала алады; азаматтарды онлайн тіркей алады; туу туралы куәлікті, туу туралы жәрдемақыны, баланы бала бақша кезегіне қоюды онлайн жүзеге асыра алады; Есту, сөйлеу қабілеті шектеулі жандар онлайн сурдо – аударма қызметін пайдалана алады; ЭЦҚ бар өтініш беруші ХҚО-ға келіп, Қоғамдық қол жетімділік пункті арқылы электрондық қызмет түрлерімен бірге салықтар, өсімпұлдар, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу және т.б қызметтерді кассаларға кезекке тұрмай-ақ пайдалана алады; Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер ала алады; SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді.Азаматтарға жасалған жағдайлар туралы білесіз бе?
Әуезов аудандық ХҚО түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істейді; Бостандық және Жетісу аудандық ХҚО-ларында 3 сағат ішінде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді рәсімдей алады; Алмалы аудандық ХҚО-да белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша арнайы кластарда тақырыптық дәрістерге қатыса алады; Почта арқылы құжаттарды үйге жеткізіп беру қызметін пайдалана алады; 1-2-топтағы мүгедектер мемлекеттік қызметті үйде отырып ала алады; Жүргізуші куәлігін Жетісу аудандық ХҚО-да да ауыстыруға болады;Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ