• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2011

Өзара сенім өзегі

322 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған палата депутаттары ГФР ІІМ Парламенттік Статс-хатшы, Федералдық үкіметтің көші-қон және аз ұлттар жөніндегі уәкілі, Қазақстанда тұратын немістер мәселесі жөніндегі Қазақ­стан-Германия Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Кристоф Бергнермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Германияның екіжақты қаты­нас­тарын одан әрі дамыту мәсе­ле­лері талқыланды. «Германия Қазақстанның Еуропадағы ма­ңыз­ды әріптесі болып табы­ла­ды», – деді А.Судьин және ол екі мемлекет арасындағы саяси сындарлы үнқатысуды атап өтті. «Қазақстанда Германия Федерал­дық канцлері А.Меркельдің өт­кен жылғы шілдедегі ресми са­па­рының нәтижелері жоғары ба­ға­ланды», – деді төрағаның орын­басары және ол Қазақстанда неміс диаспорасының болғаны мен Гер­манияда тұратын Қазақстан­ның бұрынғы азаматтары екі­жақ­ты қатынастарды нығайтуда басты арқау болатынын атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекетаралық қатынастарда парламентаралық ынтымақтастық негізгі құрамдас­тың бірі болатынын айта келіп, Сенатта Германия Федералды парламентімен ынтымақтастық тобы, ал ГФР Бундестагында «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобы жұмыс істейтінін атап өтті. Кездесу барысында А.Судьин Парламент Қазақстан Респуб­ли­касы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясын қа­былдайтыны туралы айтты. Онда осы кезеңдегі негізгі нәтижелер көрініс табатын болады, деді ол. Ол сондай-ақ алдағы жылғы қаң­тар айында Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар – мәс­лихаттардың сайлауы өтетінін жеткізді. Біз сайлау науқанына баса назар аударамыз», – деді А.Судьин және Парламент сай­лауы ха­лықаралық ережелер мен стан­дарт­­тарға сәйкес өтетінін мәлімдеді. К.Бергнердің айтуынша, Қа­зақстан мен Германияның екі­жақ­ты қатынастары ауқымды және өзара сенім тұрғысында си­пат­талады. «Қазақстанда барлық жағдай жасалған, немістердің байланыстырушы рөлі осылай айқындалады», – деді К.Бергнер. Оның пікірінше, «ынтымақ­тас­тық­тың бұл бағыты Қазақстан мен Германияның екіжақты қаты­настарының іргетасындағы ма­ңызды кірпіш болып табылады. К.Бергнер қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады және алдағы Парламент Мәжілісі сайлауының табысты өтуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.