Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Душанбеде ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
ТМД биыл Тәжікстан Республикасының төрағалығымен өткізіледі. ТМД ҮБК отырысы басталмастан бұрын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон үкіметтік делегациялардың басшыларын қабылдады. Кездесу барысында бірлескен жұмыс жоспарлары, сондай-ақ Кеңестің алдағы отырысының мәселелері қаралды.