• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2018

Қостанайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған оқулықтардың тұсаукесері өтті

413 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дүниежүзіндегі үздік университеттер  оқулықтарының қазақшаға аударылған  нұсқаларының тұсаукесері өтті.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған 100 оқулықтың бүгінге дейін 18-і  ағылшын тіілнен тікелай азақ тіліне аударылып, жоғары оқу орындарына таратылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ұстаздары мен ғалымдары осы 18 оқулықтың тұсаукесерінде оларды таныстырды, пікірлерін айтты. 

« Әлемдегі мойындалған үздік оқулықтарды ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аудару ісі, мемлекеттік тілде білім алатын жастарға Елбасы тарапынан жасалған өте зор қамқорлық болды. Мысалы, біз писхология пәні бойынша үш бірдей оқулыққа қол жеткізіп отырмыз. Бұл біріншіден, «Жалпы психология тарихы», «Әлеуметтік психология» және «Кіріспе және әлеуметтік психология» деп аталады. Жалпы психология ХІХ ғасырдың аяғынан басталған, жаңа дамып келе жатқан ғылым болғандықтан, әлемге аты мәшһүр ғалымдар жазған мұндай оқулықтарға қол жетпеген еді. Бұл үлкен қол жеткен жетістік деп білеміз» деді университеттің Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы, Phd докторы Аманжол Тәшетов.

Аманжолдың филолог, тарихшы, математик, философ, тағы басқа әріптестері де өз пәндері ойынша қолға тиген оқулықтары бойынша пікірлерін ортаға салды.

«Үздік оқулықтардың тілі де жатық, ұғымға түсінікті. Алайда оқулықтардың салмағы ауыр, тым қалың етіп түптелген екен. Бұл студенттердің болашақта өзімен бірге алып жүруіне, тұтынуына қолайсыздау бола ма деген де ой келеді. Дегенмен, алдағы уақытта баспагерлер мен аудармашылар тарапынан бұл да ескерілер деп ойлаймыз» дейді Әлеуметтік-гуманитарлық факультет деканының орынбасары Рауан Байдалы. Оқулықтар педагогика университетінің кітапханасына, кафедраларға табысталды. Студенттер оларды келер оқу жылынан пайдалана бастайтын болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай